A place where you need to follow for what happening in world cup

ПИК-тің пайдасы

193

Қазіргі таңда Тараз қаласының тұрғын үй қорында 1312 көппәтерлі тұрғын үй бар (151 – бір қабатты барак типтес тұрғын үйлер, 1161 – екі және одан жоғары үйлер).

Басқару органдары бойынша:
33 ПИК 390 үйге техникалық қызмет көрсетеді. 20 пәтерден аспайтын 356 көппәтерлі тұрғын үйді тұрғындардың өздері бірлесіп басқарады. Басқару органдары жоқ үйлердің саны – 566.

ПИК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ПИК – «пәтер иелері кооперативі» деген мағына береді. Бұл көппәтерлі үйде немесе ортақ аула және коммуникациялары бар бірнеше үйлерді біріктірумен тұрғындар құрған ұйым. Ортақ мүлікке қызмет көрсетіп және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ПИК тұрғындардан ақша жинайды. Аталмыш жұмысты бақылап тексеретін – арнайы тексеру комиссиясы: ақшаның қайда жұмсалып жатқанын осыдан білуге болады. Егер ПИК жұмысында бұзушылық табылып жатса, тұрғындар сотқа арыз жазып, ортақ жиналыста ПИК басқармасының мүшелерін қайта сайлауына болады.

ПИК МІНДЕТТЕРІ
Егер ПИК өзінің барлық міндетін атқарып жатқанына күмәніңіз туса, аталмыш тізімді салыстырып тексеріңіз (ол электрондық үкімет сайтында жарияланған).
Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу:

  • түйіскен жерлерді сылау, герметизациялау, қабырғадағы ойдым, шұңқырларды бітеу (өтінім бойынша); шатырдағы су ағып тұрған тесіктерді бітеу (толық ауыстырудан басқа);
  • барлық үй-жайларды сылап-сырлау жұмыстары (бес жылда бір рет);
  • баспалдақты жөндеу, сынған әйнектерді ауыстыру және подъездің есігін жөндеу.
    Жылыту жүйесіне қызмет көрсету:
  • жылыту жүйесіне жөндеу жүргізу, пайдалану;
  • жылыту жүйесін қосып, ажырату (күз, көктем, апаттық, режимдік);
  • жылыту жүйесін маусымдық ажырату (көктемде), маусымдық ажырату кезінде жылыту жүйесінің ахуалын тексеру;
  • жылыту жүйесін іске қосқан кезде реттеу және режимдерін өзгерту;
  • жылыту жүйесіндегі білінер-білінбес ақаулықтарды қалпына келтіру (жылылықты оқшаулаудағы қалып қалған учаскелерді бекіту, жабын қабатының тесігін бітеу, тазарту, ілмекті және реттегіш арматураны қақтан, жиналған тұздардан, таттан тазарту, шайқалып тұрған магистральды құбыр желісінің тірегішін бекіту);
  • құбыр желісіндегі жылылықты сақтау;
  • жылыту жүйесін гидравликалық шаю.
    Сумен жабдықтау торабына қызмет көрсету:
  • жеке жылу пункттерінде айына 2 рет қысым температурасын қарап, шамасын реттеу;
  • жылу маусымының басталуы мен аяқталу кезеңінде ыстық сумен қамтуды реттеу;
  • реттегіш арматураның аралық қабатын ауыстыру;
  • жеке құбыр желісінің учаскелерін ауыстыру, 1 метрге дейін суық және ыстық сумен қамту;
  • құйынды, ілмекті және реттегіш арматураны тұз қалдықтары мен қақ-таттан тазарту;
  • дроссельді құралдарды ауыстыру (пысылдақ, стақан, шайба) және қажетінше түзету;
  • су ақпас үшін тесіктерді бітеу;
  • шайқалып тұрған таяныштарды бекіту.
    Санитарлық-техникалық тораптарға қызмет көрсету:
  • жертөледегі кәріздерді тазарту;
  • бұрандалы қосылыстардағы ағып тұрған суды тоқтату;
  • тетіктерді тығыздау;
  • түрлі саңылауларды дәнекерлеу;
  • жертөледегі суды сору;
  • саңылауды бітеп, сумен жабдықтау тік құбырларын ауыстыру;
  • дератизация қызметін шақырып, ақысын төлеу, жертөлені және басқа да ортақ қолданыстағы үй-жайды дәрілеу.
    Электр-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету:
  • бөлу орталығындағы қалқанда жанып кеткен қорғағышты ауыстыру;
  • подьездегі жарықты қамтамасыз ету, кіреберіс пен бірінші қабатта электр лампасын ауыстыру;
  • апаттық-диспетчерлік қызметті шақырып, ақысын төлеу (келісімшарт және өтінім бойынша);
  • кернеудегі кезекші жарықты беру;
  • кезекші жарық берудің ажыратқышын ауыстыру.
    Үйдің айналасын жинау, тазалау:
  • тұрғын үйді жаңбыр суын ағызатын құбырмен қамтамасыз ету, суды ағызатын құрылғылардың дұрыс жұмыс істейтінін қадағалау;
  • қардан тазарту, жүргіншілерге арналған жолдарды мұздан тазалау, қыс мерзімінде жаяу жолдарға құм себу;
  • қоқыс шығаратын қызметті шақыртып, ақысын төлеу;
  • гүлзар, көгалды тазалап, дер кезінде ору;
  • шатырды қоқыстар мен жапырақтардан тазарту.
    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 26.12.2019 №284-VІ 32-бабына кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша өзгерістер енгізілген болатын.
    Яғни ПИК-тің орнына әр кондоминиум объектісінде басқару органы «меншік иелері бірлестігі» құрылатын болады.
  1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
  2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) осы Заңда айқындалған тәртіппен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге міндетті.
  3. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы сайланған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкте:
  • кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шотты (ағымдағы шот);
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған жинақ шотын (жинақ шоты) ашуға міндетті.
    Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген типтік ереже бекітілгеннен кейін көппәтерлі тұрғын үйлердің «Меншік иелері бірлестігі» (ОСИ) көппәтерлі тұрғын үйлерде құру туралы тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары 2020 жылдың сәуір-мамыр айынан бастап қазан айына дейін жұмыс кестесі бойынша тұрғындармен жиындар өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Және де баспасөз ақпарат құралдарына, әлеуметтік желідегі танымал парақшаларға жарияланады.
  • Сонымен қатар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» КММ-іне, Тараз қаласы, «Қарасу» шағын ауданы, №24 «Д» мекенжайы немесе 8 (7262) 54-02-55 телефоны бойынша хабарласа аласыздар.

 

Ғазиз Ералиев,
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.