A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда газ құбыры жарылды: жөндеу жұмыстары басталып кетті

200

Бүгін, 23 қазан күні «Транстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр.

Төтенше жағдай салдарын реттеу және нысандарға газ беруді қалпына келтіру мақсатында облыс және қала әкімдігінің өкілдері, жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келді. Қазір қабылданатын шаралар пысықталып жатыр.

Бүгін, 23 қазан күні «ЖамбылТранстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында газ құбыры АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Газдың шығуын тоқтату мақсатында апатты бригада ф-600 және ф-500 миллиметрлі жерасты ысырмаларын бекітіп тастады.

Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр.

Облыс және қала әкімдігінің өкілдері, жауапты мекемелердің басшылары оқиға орнына келіп, мән-жаймен танысты. Атап айтсақ, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев газ құбыры жарылған аумаққа жедел жетіп, оның жылдам шешілуін өз бақылауына алды. Шаһар басшысы «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің өкілдерімен бірлесіп, оқыс оқиға салдарын жедел қалпына келтіру және нысандарды газбен қамтамасыз етуді қайта іске қосу мақсатында қажетті жабдық табылуы мен техниканың жұмылдырылуына сәйкес тапсырмалар берді.

Қазір атқарылатын шаралар анықталып, қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.