A place where you need to follow for what happening in world cup

Мал ауруына жол берілмеуі керек

160

Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың төрағалығымен аудан әкімі аппаратының кезекті отырысы өтті. Отырыс алдында аудан әкімі М.Мұсаев жақында ғана аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы болып тағайындалған Құралай Ізбасарованы көпшілікке таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Отырыста «Ветеринария саласында атқарылған шаралар мен проблемалық мәселелер туралы» аудан әкімдігінің ветеринариялық қызметі кәсіпорнының директоры М.Қасенов, «Жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық барысы туралы» білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев хабарлама жасады.

Хабарламалардан байқалғандай ауданда эпизотиялық жағдай тұрақты. Ал мектептердің жаңа оқу жылына аздаған ұсақ-түйек жұмыстары болмаса негізінен  дайын екендігін білдік.

Ұланбел, Қарабөгет, Қылышбай, Мойынқұм, Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдері аудандағы малдәрігерлік қызметінің жұмысына қанағаттанатындарын жеткізді. Ал керісінше аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Елеуова 2019 жылы ауданда Сарып ауруының 20, ал биылғы жылдың 7 айында 10 жағдайы тіркелгенін атап өтті.

– Ауданда малдәрігерлік жұмыстарда кемшілік бар. Ауыл, ауылдық округ әкімдері ауылдағы жағдайды жасырады. Халықпен кездесулерде бұл жағдайлар айтылуда. Шындықты айтып, аурудың алдын алуымыз керек. Қажет болса облыстық басқармадан көмек сұрайық. Сарып ауруына байланысты ауру малдарды анықтап, оқшаулау керек. Мал сойғанда малдәрігерінің анықтамасы болуы тиіс. Ал бұл жұмыстарды ауыл, ауылдық округ әкімдері жергілікті жерлердегі малдәрігерлерімен бірге қатаң қадағалауы тиіс,- деді аудан басшысы Мәден Тоқтарбайұлы.

Аудандағы 6 мектеп оқушылары  қашықтықтан, ал қалған 18 мектеп оқушылары дәстүрлі оқитын болып шешілді. Мектептер негізінен жаңа оқу жылына дайын деседе болады.

Аудан әкімі М.Мұсаев мектептердегі дайындық жұмыстарын тез арада сапалы аяқтап, алдағы алғашқы оқу жылын, білім күні мерекесін өз дәрежесінде талапқа сай өткізуді білім білімінің басшысы Ж.Жазықбаевқа тапсырды. Бұл ретте пандемия жағдайына байланысты карантин талаптарының қатаң сақталуы керектігі де ескертілді.

Отырыста ауыз су, асарлатып үй салу, тазалық, тағы басқа да мәселелер қаралды.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,

«Мойынқұм таңы».

Суретті түсірген А.Әлтай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.