A place where you need to follow for what happening in world cup

Су құбырлары ауыстырылуда

198

Мойынқұм ауылына ауыз су 30 шақырым қашықтықтан құм ішіндегі тәтті су көздерінен тартылған. Сонау кеңестік дәуірде құбырмен келетін ауыз судың екпіні қатты болатын. Кейіннен  ауыл ішіндегі су құбырларын жаңалап, негізгі су босататын қойманың орнын ауыстырғанмен жаз мезгілінде бірқатар көшелерге су жетпей тұрғындардың орынды ренішін тудырып келген еді. Биыл аудан басшылығы осынау олқылықтың орнын толтыру мақсатында үстіміздегі жылы 18 көшенің ескірген су құбырыларын ауыстыруды қолға алған болатын. Оған бөлінген қаржыны 186 миллион теңгеге ұтып алған «MEGARON» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су құбырларын ауыстыру жұмыстарын зор ынтамен атқарып, аяқтап қалды. 18 көшенің 16-да су құбырлары толық ауыстырылып, су жіберілді. Енді қалған екі көшені екі аптаның ішінде тәмемдеуді ұйғарып отыр.

— Біздің серіктестік 2011 жылы құрылған болатын. Осы жылдар аралығында еліміздің бірқатар  облыстары мен қалаларында, атап айтқанда, Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Нұр- Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Көкшетау қалаларындағы су жүйелерін қалпына келтірумен айналысып, едеуір тәжірибе жинақтадық. Серіктестігімізде 15 жұмысшы бар. Олардың барлығы өз істерін жетік меңгерген тәжірибелі мамандар. Экскаватор жүргізушілері Ернар Қазбеков, Біржан Әлмұрзаев, техник-жұмысшылар Дидар Байызақов, Әбілда Мейірхан, Әзиз Олжабек, Мәди Асылхан, учаске бастығы Қуаныш Исмайловтар уақытпен санаспай тапсырылған жұмыс ауқымын дер кезінде саналы атқарады. Су құбырларын ауыстыру жұмыстарын бастар алдында жұмыспен қамту орталығының   жолдамасымен келген 36 ауыл азаматын жұмысқа тарттық. Ескірген су құбырларының жатқан жерін дәл тауып, су бармайтын көшелерді анықтау барысындағы жұмысымызға ауыл әкімдігінің  бас су шебері Мұрат Төленов көп көмегін беруде. Оның айтуымен су бармайтын, бірақ жоспарға кірмей қалған Жапаров, Похаленко, Т.Әубәкіров көшелеріндегі су құбырларын Б.Майлин көшесіндегі су құбырына жалғап, судың толық келуін қамтамасыз еттік. Бұған қос көшенің тұрғындары алғыстарын айтып отыр, — дейді серіктестік директоры Руслан Бауыржанұлы Иманов.

— Иә, біраз жылдан бері су тапшылығын көріп келе жатқан Мойынқұм ауылының кейбір көшелерінің тұрғындары жаңадан ауыстырылған су құбырлары толық қосылғанда су азабынан құтылатын болады.

Мойынқұм ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.