A place where you need to follow for what happening in world cup

Арнаулы мемлекеттік жәрдемеқыны қанша жамбылдық алады?

378

Облыс әкімдігінде атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің және жәрдемақы төлеудің жаңа тәртіптері талқыланды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың қатысуымен өткен жиында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов баяндама жасап, ағымдағы жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің және жәрдемақы төлеудің жаңа тәртіптеріне кеңінен тоқталды. Басқарма басшысының сөзінше, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 18 343 бала кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Бүгінде әр отбасыға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті жеткізу алгоритмі нақтыланып, көпбалалы 31 214 отбасына арнаулы  мемлекеттік жәрдемақы төлене бастаған. Алдағы уақытта аталған көмек аудан, ауылдарға «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы арқылы жеткізіліп берілетін болады.

Өз кезегінде облыс әкімі Асқар Исабекұлы кепілдендірілген әлеуметтік пакетке енетін азық-түліктерді сатып алуда көп балалы отбасылардың өкілдерін қатыстыру қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелермен айналысатын қоғамдық бірлестік өкілдерін де осы шараға тарту жөнінде ережеге қосу керектігін тілге тиек етті. Бұдан өзге аймақ басшысы осы кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тұрғындарға жеткізуде салғырттыққа жол бермей, жүйелеу керектігін де қадап айтты.

Сонымен қатар өңір басшысы атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің және жәрдемақы төлеудің жаңа тәртіптерін тұрғындарға түсіндіру бойынша аудан әкімдіктері мен ауылдық әкімдіктің жауапты қызметкерлеріне түсіндіру қажеттігін атап өтті. Алдағы уақытта осы бағытта жауапты мамандарға түсіндірудің әдістемелік құралдары әзірленбек. Нәтижесінде сала мамандарынан құрылған арнайы топ атаулы әлеуметтік көмек алушылармен тікелей жұмыс жасайтын болады. Себебі халыққа дұрыс ақпарат таратылмағаннан кейін түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға дұрыс ақпарат жеткізе білу де сала мамандарына жүктелмек.

Бұдан өзге Асқар Исабекұлы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелерін жұмысқа тарту мәселесіне баса мән беріп, оларға аталған басқарма арқылы жұмыс ұсыну қажеттігін жеткізді. Осы арқылы оларды жұмыспен қамтып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны кемімек. Яғни, екі қолдарына бір күрек тапқан отбасы мүшелері кедейшілік деңгейінен шықпақ. Сондықтан өңір басшысы жауапты тұлғаларға әлі де  болса осы бағыттағы жұмысты жүйелеу керектігін ескертті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.