A place where you need to follow for what happening in world cup

Праймериз қатысушысы өз бағдарламасын ұсынды

252
  1. КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛМЕЙ, ДЕМОГРАФИЯ ДАМЫМАЙДЫ

Бағдарламамның басты бағытының бірі: көп балалы аналар. Көп балалы отбасылардың балалары үшін түрлі үйірмелер, спорттық секцияларға тегін қатысуға жол ашу. Бюджеттің шығындарын қайта қарап, көгалдандыру, абаттандыру секілді шаруаларға кететін қаржыны көп балалы отбасылардың қажетіне жұмсау.

«Алтын алқа» төсбелгісін тағайындаудың ережелерін қайта қарау

Көп балалы отбасылар әкелерінің мәртебесін көтеру, жұмыспен қамтылуы, сапалы медициналық қызмет көрсетілуіне жағдай жасау

  1. ТІРЛІКТІҢ БАСЫ ТІЛІМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕУДЕН БАСТАЛАДЫ

Қазақ тілінің қолданыс аясындағы құрметін арттыру керек. Осы мақсатта ТІЛ ПОЛИЦИЯСЫН құруды ұсынамын.

Мемлекеттік қызметке тұратындар үшін мемлекеттік тілді білуді заңмен міндеттеу қажет

Ономастикалық комиссиялардың жұмысын күшейтетін уақыт келді

 

  1. ӨТКЕНІҢДІ БІЛМЕЙ БОЛАШАҒЫҢДЫ БАҒДАРЛАЙ АЛМАЙСЫҢ!

Төте жазуды меңгеретін мамандарды даярлауға көңіл бөлу керек. Қазақтың талай жылғы тарихы төте жазумен сақталған, алайда, оны түсінетін маман тапшы

 

  1. ҰЛТ БОЛАШАҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕДЕ

Балаларды шетелдің шытырман мультфильмдеріндегі  кейіпкерлеріне бой түзеуден арылту.   Өскелең ұрпақты өзіміздің тарихпен тәрбиелеу керекпіз. Баяғының батырлары мен билеріне еліктеп өсетін буын қалыптасу керек. Өзіміздің колоритті бала болмысына сіңіру үшін ұлттық жобалар керек

 

  1. ТУРИЗМ ТАБЫС КӨЗІНЕ АЙНАЛУЫ ТИІС

Туристік орындардың инфрақұрылымын дамыту керек. Саяхаттаушылардың жағдайын жасамай туризм саласы алға баспайды

 

  1. МҰҒАЛІМ – МЕКТЕПТІҢ ҒАНА ЕМЕС, МЕМЛЕКЕТТІҢ ДЕ ЖҮРЕГІ

Ұстаздар үйіне тегін интернет кіргізу керек. Мұғалім мәртебесі әлі де көтеру керекпіз. Оларды сайлау комиссиясының жұмыстарынан босатылуына байланысты барымды саламын. Неге ағарту ошағының директоры мектептегі сайлау учаскесінің төрағасы болуы керек? Неге мұғалімдер мүшесі, хатшысы болып сайланады.

 

  1. СПОРТ МЕДИЦИНАСЫНА МӘН БЕРУ МАҢЫЗДЫ

 

1). Ұлттық құрама спортшыларын сауықтыру. Мәселен, олимпиададан келген спортшыларды саяси науқандарға жіберіп, флешмобтарға қатыстыру – оларды бабына келтірмей, болашағына балта шабу деп санаймын

2). Көкпарға субсидия бөлу керек. Ұлттық спортқа мемлекеттен мейлінше қолдау көрсетілуі тиіс

3). Интеллектуалдық ойындарға демеушілік жоқ (Мысалы жас спортшы шахматтан шетелге жарысқа бару керек болса ата-анасы ақша табуы керек. Шетел тұрмақ ел ішіндегі жарыстарға ақша аударылмайды. Ата-анасына ауыртпалық).

  1. БАҚ САЛАСЫНЫҢ БАҒЫ ЖАНБАЙ ТҰР

БАҚ саласындағы мемлекеттік сатып алуларға алғашқы кезекте жергілікті ақпарат құралдарына басымдық беру керек. Бір өңірдің идеологиялық саясатын келесі бір өңірдің тұрғындарына насихаттау қаражатты желге шашу

Біржан Сөктай

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.