A place where you need to follow for what happening in world cup

Талғат Тұрмағанбет: «Медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, материалдық жағдайын жасау қажет»

177

Бүгін «Нұр Отан» партиясының праймеризына қатысушы Талғат Тұрмағанбет Жамбыл облысы Жуалы аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, өз бағдарламасымен таныстырды.

Жаңа форматта өткізілгелі отырған праймеризге қатысушы үміткерлердің үгіт насихат жұмысы бүгінгі күні қызу жүргізілуде. Олар елді-мекендерді аралап, партия мүшелерімен кездесіп, өз бағдарламасын жеткізуде.
Жуалы ауданынан Жамбыл облыстық мәслихат пен ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Талғат Тұрмағанбет бүгін ауданның белді медициналық ұйымы — орталық аурухана қызметкерлерімен жүздесіп, оларды толғандырып отырған өзекті мәселелерін біліп қайтты.
Аурухана дәрігерлері медицина саласы қызметкерлерінің зейнетке шығу жасын азайту, жас мамандардың материалдық деңгейін көтеру, дәрігерлердің мәртебесін арттыру, аурухана материалдық базасын арттыру сияқты мәселелер алаңдатанын жеткізді.
Талғат Тұрмағанбет жуырда қабылданған жаңа денсаулық кодексінде медицина қызметкерлерінің мәртебесін қөтеруге қатысты нормалар тиісті деңгейде орындалуына ықпал етуді мақсат етіп отыр.
Кодекске сәйкес медициналық қызметкерлер, әсіресе ауылдық дәрігерлер пен сала қызметкерлері міндетті түрде тұрғын үймен, жәрдемақымен және коммуналдық шығыстарды өтеумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сонымен қатар ауылдық денсаулық сақтау сапасын жоғарылату үшін жылжымалы медициналық кешендер, медициналық пойыздар және қашықтықтан медициналық қызметтер көрсету құралдарын пайдалану жоспарланған.
Кодекске сәйкес, ауылдық денсаулық сақтау үшін медициналық көмек көлемдерін жоспарлау кезінде географиялық шалғайлығы, халықтың тығыздығы, демографиялық көрсеткіштер, жыныстық-жас құрамының ерекшеліктері және медициналық көмектің қолжетімділігіне әсер ететін өзге де өлшемшарттар ескерілетіні жайлы хабарлады.
Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау мақсатында, олардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік көрсетілгенін де атап өтті.
Сөзін қорытындылай келе, Талғат Тұрмағанбет: «Денсаулық сақтау жүйесінде қызмет етіп жүрген азамат ретінде, сондай-ақ Денсаулық кодексін жазуға атсалысқан азамат ретінде, сіздердің өзекті мәселелеріңіз бен сұрақтарыңызды жақсы білемін. Оларды шешуге және де кодексте белгіленген нормалардың тиісті деңгейінде іске асырылуына бүкіл күш-жігерімді саламын», — деді.
Сондай-ақ осы күні орталық ауруханаға аудандық кәсіпкер тарту еткен реанимобильді салтанатты түрде табыс ету шарасы өткізіліп, оған Жуалы ауданының әкімі Нардай Ергебеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Талғат Әділханұлы да салтанатты шараға қатысып, аурухана ұжымын осындай қуанышты жаңалығымен құттықтады. Бұл реанимобиль аудандық денсаулық сақтау сапасын арттыруға үлкен септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.
Айта кетейік, Жуалы ауданы атынан праймеризде 61 адам бағын сынауда. Олардың үгіт насихат жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады. Сондай-ақ алдағы аптада үміткерлер арасында пікірсайыс өтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.