Жастар бойында парасаттылық, адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында облыстық жастар форуму өтті. Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің және «Жас Отан» ЖҚ өкілдері қатысты.
Форум басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ерболат Әмірбекұлы аталған оқу ордасының 1-ші қабатында орналасқан «адалдық дүкені» және «адалдық кітапханасымен» танысты.
Шара барысында, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» фрон-офисінде белсенді студенттердің қатысуымен пікір алмасу өтті. Н. Шабдар жастардың шараларына қолдау көрсетіп, пікір білдірді. Форум барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректор Ерболат Саурықов сөз сөйлеп, сахна алдында тұрған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бағытталған арнайы плакатқа өз ойын жазып, пікірін білдірді.
Іс – шарада Адалдық туралы бейнеролик пен «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қойылымы көрсетілді. Сондай – ақ, Тараз қаласының №45 гимназиясының 9 сынып оқушысы «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшесі, парасатты елшісі Өмірзақ Нұрай сөйледі. Ол өз сөзінде «Жас ұрпақтың еңбекке, үлкенді құрметтеу, парасатты болу сипатындағы мектеп қабырғасында жасалған жұмыстар туралы»айтты. Жамбыл жоғарғы медициналық колледжінің 2 курс студенті Наргиза Қалдыбаева мен ТарМПУ-нің жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Айбек Кадралиев баяндама жасап, «Жастардың бойында парасаттылық бейнені қалыптастыру бағытталған үндеуі» жарияланды. Форум қонақтары мен университет жастары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» жазылған ой-пікірлер бейнеленген, шар ілінген плакатты ғимарат алдынан бірге ұшырды. Форум соңында естелікке суретке түсті.