A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда «DEMEÝ» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

295

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті технологиялық ғимаратының фойесінде «DEMEÝ» бірыңғай қызмет көрсету орталығы салтанатты түрде ашылады. Мұнда «QYZMET_TARSU» білімгерлерге қызмет көрсету орталығы, университеттің Call-орталығы, студенттерді жұмысқа және университет жатақханаларына орналастыру бойынша, шетелдік азаматтығы бар студенттер үшін кеңес беруге арналған консалтинг аймағы орналастырылған. Сондай-ақ «Coworking» аймағы ашылған. «DEMEÝ» бірыңғай қызмет көрсету орталығының құрылуы университеттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әкімшілік кедергілерді жою үшін алдын алу шаралары болып табылады.
«QYZMET_TARSU» БҚКО бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейд. Онда студенттер анықтамалардың барлық түрлерін, кету парағын, транскрипт шығару, қабылдау және ауысу рәсімдерін техникалық қамтамасыздандыру, жатаханалардағы бос орындарды бөлу, босаған грант орындарына байқау ұйымдастыру және жеңілдіктер алуға өтініштер қабылдау секілді қызмет түрлерін ала алады.
Call-орталығында жоғары оқу орнының академиялық қызметіне байланысты және жалпы университеттің сервистік қызмет түрлері бойынша толық ақпарат бере алатын білікті кеңесші-қызметкерлер жұмыс істейді. Call-орталық үшін арнайы бағдарлама және жеке телефон желісі сатып алынды.
Консалтинг қызметінің бағыттары: жұмысқа орналастыру және мансапты дамыту мәселелері бойынша кеңес беру; шетелдік студенттермен жұмыс істеу. Консультациялар ішкі резервтер есебінен ұйымдастырылады және қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі.
«Coworking-zone» – бұл Wi-Fi аймағы, жарнамалық және түсіндіру буклеттері, қабылдау және ауысутыру кезіндегі кеңес беру аймағы, «Біргеміз», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасағы» және т. б. түрлі жобаларда жұмыс істеуге арналған аймақ.
«DEMEÝ» бірыңғай қызмет көрсету орталығы – университет студенттері үшін тағы бір үлкен жоба болып табылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.