Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Ақпарат және қоғамдық даму министірлігі және Азаматтқы бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Жамбыл облысы аумағында «Birgemiz: bilim» жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатыр.
Жоба бойынша 5 бағыт бойынша онлайн сабақтар түсірілуде:
- ҰБТ-ға дайындық
- Комьютерлік сауаттылық
- Құқықтық сауаттылық
- Ағылшын тілі курстары
- Олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындық бойынша.
Аз қаматылған отбасындағы оқушылар, әлеуметтік осал топтағы оқушылар санатын оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда жоба бойыншы 700-ге жуық оқушы қамтылып, 150-ге жуық онлайн курстар түсірілген болатын.
Негізгі «Жамбыл облысының ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компютерлік және құқықтық сауаттылықты оқытуға волонтерлік көмек көрсету » бойынша жету қажет меже 1200 оқушы мен 120 волонтерларды тарту болып табылады.