A place where you need to follow for what happening in world cup

Саябақтарға сән кіретін күн таяу

348

Шу қаласындағы Теміржолшылар мен Жеңіс саябақтары көз тартар көрікке енеді. Атшаптырым аумақты қамтитын сейіл орындарына көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, субұрқақтар орнатылады. Оған қоса,  балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшалары да салынатын болады.

Сондай-ақ сәнді сәкілер қойылып, ине сабақтауға болатындай жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Саябақтың табан тиетін тұстары брусчаткалармен көмкерілмек. Бұл өз кезегінде қым-қуыт тірліктен біруақ босай қалған тұрғындар үшін тиімді мүмкіндік болғалы тұр.

Аудан әкімі Нұржан Календеров абаттандыру жұмыстары мұнымен тоқтап қалмай, кейінгі үлгідегі кейіпке енетін ауқымды жобалар алдағы уақытта жалғасын табатындығын жеткізіп отыр. «Өңірдегі өскіндердің қажеттілігін өтейтін осынау орындар олардың дұрыс қалыптасуына сеп болады» деді өз сөзінде Нұржан Сәбитұлы.

Бұл игі бастама биылғы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өңір жұртшылығына тамаша тарту болмақ.

Медет АТАЙБЕКОВ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.