Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында халық тұрмысын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін жеделдетіп шешу жолдары айтылған. Жолдаудың «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деп аталатын бөлімінде ифрақұрылымды дамыту жөнінде: «Еліміздің әр аймағының тұрғындарының таза ауызсуға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейі біркелкі емес екені белгілі. Осы теңсіздікті жою үшін жұмысты жандандыру қажет. Алдағы үш жыл ішінде тұрғындарды таза ауызсумен және су жеткізумен қамтамасыз етуге шамамен 250 миллиард теңге бөлінеді» делінген.
Биылғы жылы ауданда барлығы 15 ауылға ауызсу жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатқаны белгілі. Соның ішінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы негізінде Шақпақ ауылдық округінің орталығы Шақпақата, сонымен қатар, Т.Дүйсебайұлы, Ынтымақ ауылдарына жаңадан ауызсу құбырлары тартылу үстінде. Бұл әлбетте, округ тұрғындары үшін көптен күткен үлкен қуаныш.
Шақпақата ауылындағы игілікті істің барысын көрмекке өткен аптада аталған ауылға іссапармен арнайы барғанбыз. Мұндағы ауызсу жүйесінің құрылысын «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС жүргізуде. Ауызсу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар 2018 жылы жасалған. Одан бергі екі жылдың бедерінде Шақпақата ауылында 50-ге жуық жаңа үйлер салынған екен. Ал жобада көрсетілгендей, 450 аулаға ауызсу кіргізу көзделген. Оған 50 үй қосымша қосылып отыр. Осы ретте құрылыс барысында 500-дей аулаға су кіргізіледі деп күтілуде.
Сонымен мұндағы ауызсу жүйесі құрылысының барысы туралы «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-ның прорабы, учаске басшысы Сержан Алтынбеков жан-жақты айтып берді.
-Ауызсу жүйесінің құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айының орта шенінде басталған болатын. Жобаның жалпы құны 780 миллион теңгенің шамасында. Жобалық-сметалық құжат бойынша біз мұнда ауыл ішінде 16, ал ауыл сыртында сегіз шақырымға жуық үлкен магистраль жүргізуге міндеттіміз. Қазір осы магистральдық су құбырларына арналған 110 мен 160-тың аралығындағы диаметрлі полиэтилен құбырлар тартылу үстінде. Ал тұтынушыларға бұрылатын құбырлардың жалпы ұзындығы 30 шақырымға жуықтайды деп есептеп отырмыз.
Жұмысты уақтысында әрі жедел атқаруымыздың нәтижесінде қазіргі таңда магистраль және абоненттерге бұрылатын құбырлардың құрылысы аяқталуға таяу. Құрылыс жұмыстары техниканың және жұмыс күшінің толық болуымен сапалы атқарылатыны белгілі. Осы ретте біздің серіктестікте үш эксковатор, екі дана жүктиегіш, бір жүккөтергіш машинасы, су таситын көлік, сонымен бірге, құрылыс материалдарын тасымалдайтын «КамАЗ» маркалы жүк көлігі құрылысқа қолданылуда. Жұмысшылар күшіне келер болсақ, үш адам инженерлер құрамында болса, механизаторлардың саны жеті, одан бөлек, жай жұмысшылар 17 адам. Жергілікті жерден бес адам жұмыспен қамтылып отыр.
Магистральдардың бойында 300 метр сайын су құдықтары орнатылып, оған су есептегіштер қойылатын болады. Біз қазір құбырларды орналастыру үшін қазылған шұңқырларды қазып, монтаж жұмыстарын жасаудамыз. Құбырдың астына майда құм тасталып, одан соң жергілікті жердің топырағымен көмілуде. Ауыл тұрғындарына үйжайларына жүк көліктерімен кіріпшығуға қолайсыздықтар тудырмас үшін қазылған магистраль құбырларын дер кезінде жауып тастап жатырмыз. Магистраль бойына әр 300 метр сайын орнатылатын құдықтардың саны- 185. Біз осы аптаның аяғына дейін барлығын орналастырып үлгереміз,- дейді Сержан Бақытжанұлы.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, Шақпақата ауылының тұрғындарына көптен күткен ауызсу жүйесінің құрылысы сәтті басталып, сапалы жүргізілуде деп айтуға толық негіз бар. Мұндағы құрылыс жұмыстарын өз міндетіне алған мердігер мекеме осы қарқынмен жұмыс жасаса, құрылыстың уақтысында аяқталатынына ауыл тұрғындары да сеніп отыр.
Қазір мұнда ауыл ішінде және ауыл сыртында магистраль құбырларын тарту жұмыстарымен қатар, ауылдан үлкен күре жолға қарай екі шақырым қашықтықта су ұңғымасы бұрғыланып жатыр. Біз су ұңғымасының да басына барып, мұндағы жұмыстарды да көрдік.
Ұңғыма басындағы жұмыстарға жауапты инженер-бұрғылау шебері Тоқтар Смағұл бұрғылау жұмыстарының «1-БА-15» маркалы агрегаттың күшімен атқарылып жатқанын айтады. Жұмыс аптаның сейсенбі күні басталып, қазір бұрғылау агрегатының және білікті мамандардың күшімен 10 метрдей тереңдік қазылып үлгерген.
-Біздің шамалауымызша, бұрғылау жұмыстары бір айдай уақытқа дейін созылуы мүмкін. Жер қыртысы өте қатты. Алғаш қазып бастағанда топырақ қабатынан кейін қатты тас қабатқа кездестік. Шұңқырдың қабырғалары құламас үшін біз оған арнайы қоспа салып жатырмыз. Соның нәтижесінде, шұңқырдың жанындағы топырақ және тас қабаты мүжілмейді. 394 диаметрлі құбырлармен бұрғылаймыз. Негізгі су немерелеріміз бар.
Жұмысыма келер болсам, күнделікті 25-тей адамға дәмді етіп тамақ дайындаймыз. Қажетті азық-түлік түрлерімен серіктестіктің басшылары қамтамасыз етіп отыр. Әр он күн сайын қой сойылады. Жалақымызды уақтылы алып тұрамыз. Жанымда Элмира Сағындықова есімді көмекші келіншек бар. Екеуміз бірлесіп, бар күш-жігерімізді салып, жұмыс жасап жатырмыз,- дейді Құралай апай. Шақпақата бұрыннан ынтымағы жарасқан ауылдардың қатарына жатады. Тұрғындары да мал бағып, егін шаруашылығымен тұрақты айналысып келеді. Ауылға табиғи газ тартылған. Ендігі кезекте ауызсудың құрылысы сәтті аяқталса, шақпақаталықтардың тұрмысы жеңілдеп, шаруаларының да шалқитын күні алыс емес. Бұл бағыттағы атқарылатын жұмыстарға мердігер мекеменің де бар күшін салатыны бізді қуантып отыр.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық