A place where you need to follow for what happening in world cup

Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда

174

Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Ондағы негізгі мақсат – жергілікті жердегі ахуалды және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын барлау.
Биыл Жуалы ауданында жалпы құны 4,6 млрд.теңгеге 38 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 28 жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында атқарылмақ. Осы бағдарлама шеңберінде Нұрлыкент ауылында суару науалары орнатылуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында өз жұмысын бастаған мердігер «Жігер» ЖШС нысанды тамыз айының аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Алайда қазірдің өзінде науаларда пайда болып үлгерген жарықтарға назар аударған облыс әкімі нысанды пайдалануға беруден бұрын кемшіліктерді жою керектігін ескертті.
— Мердігер және техникалық қадағалау өз міндеттерін жауапсыз атқаруда. Осы күйінде нысанды қабылдау мүмкін емес. Барлық ескертулерді жою үшін шаралар қабылдаңыздар, — деді Бердібек Сапарбаев.
Аймақ басшысы мердігер тек суару науаларын сапалы орнатып қана қоймай, су қосалқы шаруашылықтарға жету үшін әр үйге бұрылатын «құлақтарды» қалпына келтіруге міндетті екенін атап өтті.
Сондай-ақ, аудандағы Теріс ауылына су құбырын тарту жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 180 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жұмыстың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына көз жеткізді. Осы орайда ағымдағы жылдың қазан айында Теріс ауылына су құбырын тарту жұмыстарына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 180 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жұмыстың бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанына көз жеткізді. Осы орайда ағымдағы жылдың қазан айында Терістегі 155 үй таза ауыз сумен қамтылады деп күтілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.