Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты аудан әкімі М.Мұсаев ауданымыздың кәсіпкерлерін індетпен күресуге қолдау көрсетуге шақырған болатын. Осы негізде аудан кәсіпкерлері өз көмек қолдарын ұсына бастады. Бүгін Мойынқұм ауданындағы «Мыңарал цемент зауыты» басшылығының демеушілігімен алынған коронавирусқа қарсы емдеу шараларына қажет, құны 2 млн 500 мың тұратын көпфункциялы электрондық реанимациялық 2 төсекті аудан әкімінің орынбасары Б.Қалымбетов аудандық орталық ауруханаға табыс етті.