2020 жылдың шілде айының 17 жұлдызы күні аудан әкімі Б.А.Жақсылықов «Жаңатас –Су-Жылу» мекемесінің цехтарын аралады.
Аудан әкімімен бірге оның орынбасары Е.Имашев және тұрғын-үй бөлімінің басшысы Е.Алтишев болды.
I-ші кезекте аудан әкімі Тазалау ғимаратында болды.
Топ құрамын «Жаңатас –Су-Жылу» мекемесінің директорының міндетін уақытша атқарушы Д.Жылқыбаев қарсы алды.
Тазалау ғимараты 1971 жылы шайынды су қабылдауға негізделіп, қолданысқа енгізілген. Ғимарат жұмысын қайта жандандыру мақсатында үкіметке 2018 жылы ұсыныс енгізілген.
2020 жылы тапсырыс толық қанағаттандырылып, құрылыс жұмыстарына 2,6 млрд.теңгеге сметалық құжаттар дайындауға мақұлданды.
Аудан әкімі осы қарастырылған соманың мөлшерін толық зерделеп, ұсыныс беруді бөлім басшысы Е.Алтишевқа тапсырды.
II-ші кезекте аудан әкімі топ құрамымен бірге орталық II-ші көтерме Су-сорғы стансасында(Водоканал) болды. Мекеменің арнаулы техникаларының жай-күйімен танысты. Барлық құрылымдардың жұмыс тәртібімен мекеме директорының міндетін уақытша атқарушы Д.Жылқыбаев таныстырып, аудан әкімі көкейкесті сұрақтарына толық жауап алып, қанағаттандырылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық