A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылда COVID-19 ауруының 2522 жағдайы тіркелді

239

2020 жылдың 17 шілдесі күні сағат 08:00-де мониторинг бойынша Жамбыл облысы аумағында COVID-19 ауруының 2522 жағдайы тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші — 218,1 құрады. Тіркелген жағдайлардың ішінде симптомдары бар 1061 (42,1%), симптомдары жоқ 1461 (57,9%) науқас. 1461 адамның ішінде симптомсыз аурумен Тараз қаласында – 672, Байзақта – 102, Жамбылда – 86, Жуалыда – 46, Меркіде – 47, Қордайда – 140, Т.Рысқұловта – 38, Сарысуда – 105, Таласта – 45, Шуда – 47, Мойынқұмда – 12 оқиға тіркелді. Республиканың басқа өңірлерінен әскерге шақырылушылар арасында 117, басқа өңірлердің тұрғындарынан 4 оқиға орын алды. Симптомдық белгілері жоқ және COVID-19 ауру ағымының жеңіл дәрежесі бар науқастарды бақылау мақсатында облыста бастапқы медициналық санитариялық көмек деңгейінде 214 мобильді бригада құрылды (Тараз қаласында – 80, аудандарда – 134 мобильді бригада), олар науқастарға мониторинг жүргізеді, полимеразды тізбекті реакция əдісімен талдауларын алады, емді тағайындайды және белгілері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, үйде стационарды ұйымдастырады. Мобильді бригадаларды құру тәулік бойы инфекциялық және провизорлық стационарлардан түсетін жүктемені едәуір төмендетуге және COVID-19 ауруының таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.