A place where you need to follow for what happening in world cup

Құрылыс сапасы – Қарабалаевтың қадағалауында

152

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалардың сапасын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Ең әуелі әкім бастаған топ Қазыбек би және Төле би даңғылының ортасындағы Қойгелді көшесінде жүргізіліп жатқан құрылысты көзбен көріп қайтты. Құрылыс жұмыстары бойынша көшенің ені ұзартылып, автотұрақ мәселесі жолға қойылып отыр. Жолға жаңа асфальт төселіп, тұрғындарға барынша қолайлы жағдай жасалған.

Сонан соң қала әкімі «Қант зауыты» алқабындағы «Даңқ» аллеясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл аллеядағы жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу. Екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы, жаңа шамдар, субұрқақ, орындықтар орналастырылған.

Одан әрі қала әкімі осы аумақта жаңадан бой көтеріп жатқан №22 орта мектептің құрылыс барысымен танысты. Қала аумағында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс қарқыны мен сапасы әрдайым жергілікті әкімдіктің жіті назарында. Шаһар басшысы Айтқазы Қарабалаев бұл жұмыстардың барлығына жеке бақылау жүргізіп, мердігер компания өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Жүйелі жұмыс оң нәтиже берсе, аталған нысандар уақытылы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.