Короновирус індетінің алдын алуға байланысты, құрылған жұмысшы топтың жұмыс жоспары жасалды. Ауылдық округ тұрғындарына қаулыға сәйкес, короновирус індетінің алдын алу мақсатында жылжымалы аудио дыбыспен күніне 5-6 реттен хабарлануда.
Ауылдық округте орналасқан кәсіпкерлік нысандарға Жамбыл облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2020 жылдың 5 шілде күнгі, №28 қаулысы мен таныстырылды.
Атап айтқанда 28 азық-түлік дүкені, 2 шаштараз, 3 автобөлшек, 2 дәріхана, 1 көлік жуу, 1 СТО, 2 констовар, 2 құрылыс заттары, 2 тойхана, 1 ойыншық дүкені, 1 вет аптека, 1 Мәдениет үйі, 1 мешіт, 1 Аудандық мұражай, 1 вулканизация, Саудакент – Тараз, Саудакент – жаңатас аралық такси жүргізушілері, 2 киім-кешек дүкені, 1 Донер асханасы, 2 тігін шеберханасы, 2 көкөніс, 3 монша, 1Наубайхана, 2 АЗС, барлығы 65 нысан.
Жамбыл облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2020 жылдың 5 шілде күнгі, №28 қаулысында көрсетілген шектеулерге сәйкес, азық – түлік емес дүкендер жұмысын белгіленген уақытта тоқтатуда.
Ауыл тұрғындарына короновирус індетінің алдын алуға байланысты, бүгінгі күні, 984 аулаға хабарлама таратылды.
Короновирус індетінің алдын алуға байланысты, құрылған жұмысшы топ №28 қаулыда көрсетілген шектеулерге байланысты түнгі рейд жұмыстарын жүргізілдуде.
Нәтижесінде 70 ауыл тұрғындарына сағат:22.00 – ден 07.00 – ге дейін көшеде жүруге тиым салынатындығы туралы ескертулер жасалды.