A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаңа ауданның тұрғындары табиғи газдан тарықпайды

263

Қала әкімі Айтқазы Қарабалаев жаңа 15 мөлтекауданды газбен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешу мақсатында «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен кездесті.
Бүгінгі таңда жаңа алқапта 8 үйге ғана газ берілген. Он көпқабатты тұрғын үйлердің жерасты құбырлары сынақтан өткізілген. Тұрғындар 80 пайыз қоныстанған үйлерге газ берілуде. 2018 жылы пайдалануға берілген 9 үйдің 3 үйіне кешегі күні газ берілді. Дүйсенбі күні тағы үш үйге газ беріледі деп жоспарлануда. Атап айтқанда: «Бином», «Таразқұрылыс» және «Аль-Аркаржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрылысын жүргізген көпқабатты тұрғын үйлер. Қазіргі таңда сыртқы газ құбырларын ауа қысымымен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда тағы 10 үйдің құжаттары рәсімделу үстінде.
Жаңа мөлтекауданның 208-2019 жылдары пайдалануға берілген үйлеріне тұрғындар әлі қоныстанбаған. Сондықтан құрылысты жүргізген мердігерлер де сылбырлық танытып, сыртқы газ құбырын тарту және ішкі газ құбырының инженерлік техникалық құжаттарынын күні бүгінге дейін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл филиалына өткізбеген.
Қала әкімі Айтқазы Дәулетқұлұлы «КазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен бірлесе құрылыс басына мердігерлерді жинап, жұмыстарын майшаммен қарады.
Көпқабатты тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ететін магистралды құбырлардың жеткізілу сызбасымен танысып, өз ісінің білікті маманы ретінде мәселенің тиімді шешу жолдарын ұсынды. Мердігерлерге қоныстанған үйлерді газбен қамтамасыз құжаттарын рәсімдеуге бір апта уақыт берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.