A place where you need to follow for what happening in world cup

Ардагерлер жұмысы баяндалды

214

Сейсенбі күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Қ.Байжұманұлының төрағалық етуімен аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің 2019 жылы атқарған жұмысы туралы қорытынды есебі өтті. Оған аудан әкімі Ж.Ә.Айтақов арнайы қатысты. Жиын алдымен кеңесте жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы баяндамадан бастау алды.

Жалпы аудандық ардагерлер ұйымына 18 округтен 6842 зейнеткер тіркелген. 52 бастауыш ұйымға бөлінген ардагерлер мемлекет саясатын және партиялық міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысуда. Сондай-ақ атқарылған және атқарылатын жұмысты саралайтын 5 тұрақты комиссия жұмыс жасайды. Жастарға патриоттық тәрбие беру, рухани құндылықтарды құрметтеу, патриоттыққа баулу, еңбекқор азамат ретінде қалыптастыру бағытында аянбай еңбек ететін ардагерлер кеңесі ауданға қарасты білім беру мекемелерінде кездесулер өткізізіп келеді. Одан бөлек, аудандағы сот саласын реформалауда, заң жүйесін жаңғыртуда билер кеңесі жұмыс жасайды. Билер кеңесі жыл ішінде медиация тәртібімен 10 дау-дамайдың 9-ның заңды шешімін тапқан. Ардагерлер кеңесінде ақ жаулықты аналардан құрылған «Аналар алқасы» қоғамдық құрылымы да бар.  Мұнда «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен тәрбиелік мәнде жұмыстар атқарылады.

Қайырымдылық жасаудан да қалыс қалмайтын ардагерлер жыл ішінде 18 отбасына қатты отын түрінде көмек көрсетіп, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға мектеп формасын, құрал-жабдықтарын алып беріп, 300 адамға дастархан жайып, азық-түлік пакеттерін ұсынған.

Аудан көлемінде ұйымдастырылатын іс-шараларға аса белсенділік танытып жүрген ақсақалдар жиын барысында алдағы уақытта Шу ауданының 90, Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 75, Ұлы Абайдың 175 жылдығын жоғары жауапкершілікпен өткізуге білек сыбана үлес қосатындықтарын жеткізді.

Қорытынды баяндамадан кейін ардагерлер кеңесінің құрамы туралы сөз болып, алқа мүшелерінің саны 9 адамға қысқарғандығын атап өтілді.

Жиында қатысушы ақсақалдар тарапынан сұрақтар көтерілді. Атап айтқанда, Далақайнар ауылының мәдени клубын ретке келтіру, газдандыру, Абайдың 175 жылдық мерейтойын айрықша атап өту сынды ұсыныстар ортаға салынды. Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берген аудан басшысы Жарылқасын Әбдіғапарұлы әр мәселе ретімен шешілетіндігін жеткізіп, кейінгі ұрпаққа өнегелі ісімен көрініп, тәрбие мен мәдениет жолында еңбек етіп жүрген ардагерлер қауымына алғыс білдірді.

Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.