Елорда күніне арнап Мойынқұм ауданында түрлі шаралар өткізілуде. Соның бірі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық орталық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейінде музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Елбасы еңселеткен Елорда» тақырыбында балалардың қолынан жасаған қолөнер бұйымдарының жекелеген келушілерге арналған көрмесі өтті.