A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысулықтар — облыстық ене мен келін байқауының жеңімпазы

282

Отбасының ұйытқысы қашанда әйелге байланысты. Ер адам табыс тауып, отбасы асыраушысы болса, үйдің берекесін келтіруші, ондағы ырыстың артуы әйелдердің қолында. Оның үстіне, көп нәрсе үйдегі ене мен келіннің жарастығына, жақсы қарым-қатынасына тәуелді. Инабатты келінге ене әркез ақылшы болып отырса, сыйластық та, сый-құрмет те молынан болатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда ене мен келіннің арақатынасы жайлы көп айтылып жүр. Екеуара кереғар қарым-қатынас жанұя жанжалын жандырып жатқаны жөнінде жазылып та жатыр. Десе де, білген-түйгенін тізбектеп үйретіп, тәлімін көрсетіп жүрген енелердің көптігі салт-дәстүріміздің, босаға бақытының сақталуына себепші болуда. Үлгі-өнеге болатындай салиқалы енелердің жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі ұғып-білген келінге өмір бойғы азық.
Міне, осы орайда, сенбі күні Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы және Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығының бірлесе ұйымдастыруымен Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақта Елорда күніне арналған «Ақылшы ене, инабатты келін» атты байқауы онлайн форматта (көрерменсіз) өткен болатын.
Осы байқауға Сарысу ауданы бойынша іріктеуден өткен Саудакенттік ене мен келін Жөгібаева Салима мен Ахажанова Жансая аудан абыройын қорғап, 1- орынды жеңіп келді.
Нағыз рухани азық сыйлардай дайындықпен барғар ене мен келініміз әділқазыларды тәнтті етті.
— Жүлдеге ие болуымызға аудандық мәдениет үйінің және дайындықтан басы-қастарында жүрген аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Күләш Байтұрсынованың да еңбегі ерекше дейді қатысушылар.
Еңбектеріңіз еленіп, жеңімпаз атануларыңыз құтты, болашақ келіндерге жақсы жанұя болу жұғысты болсын демекпіз.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.