A place where you need to follow for what happening in world cup

Білімді жастар — ел болашағы

612

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл — парасаты мол, мәдени — ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана тән.

Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескерсек, сол жастардың сапалы білім алып, тәрбиелі, парасатты азамат болып қалыптасуына қоғамның да ықпалы зор екені анық. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе өмір сүрген жастар өз бойында білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз.

Осындай білімге деген, өмірге деген құштарлығы шексіз Сарысу ауданы Жаңатас қаласының бүгінгі таңда алпауыт «ЕвроХим» ЖШС-нің қызметкері Жәкен Бекнұр Жамбылұлы туралы аз-кем тоқталсақ.

Жалпы Бекнұр 2014 жылы Жаңатас қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясын аяқтаған.
2014-2018 жж Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Тау-кен ісі мамандығы бойынша (маркшейдерлік ісі) тәмамдады.

Жәкен Бекнұр Жамбылұлы бала кезден оқу-білімге, өнерге құштар болып өскен. Әр дамның еліктейтін тұлғасы болу керек қой. Бекнұрдың ұқсағысы келген жаны -Н.Ә.Назарбаев болыпты.
Кішкентайынан Елбасына еліктеп өскен бала кездесуді армандапты.
Бала арман студенттік шағында орындалып Елбасымен кездескен. Өзінің алғырлығы мен білімділігімен көшбастар болып жастар ісін қолға алған Бекнұрға Елбасының өзі тәнті болып, марапат ұсынған екен.
Жәкен Бекнұр Жамбылұлы:
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Отанымыздың саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуына қосқан үлесі және жас мемлекетіміздің имиджін әлемдік деңгейге көтергені, Көк туымызды биікке желбіреткені, төрткүл дүниеге шашыраған қандастарымызды атажұртымызға шақырып, демокрафиямызды көбейткені, сөздің шындығын айтқанда, бүгінге дейінгі Қазақстанның даму перспективасы мен тенденциясына қосқан қажырлы еңбегі ұшан-теңіз.
Елбасымыз жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болуы үшін де қазіргі заманда білім – ғылымға және мәдениетке аса көп назар аударатыны, ғылыми прогрессті дамыту үшін көптеген қызмет атқарып, еліміздің дамуындағы білімнің маңызын айтып, нұсқау беруі – бәрі де еліміздің экономикасының қарыштап дамуындағы бірден – бір өзгеріс екені баршамызға айқын.
Сондықтан, Қазақстанның жарқын болашағы тек білімді жастармен ғана қалыптаспақ!
Бізге, Тәуелсіздіктің ұрпақтарына, 2050 жылғы Қазақстанды құру және онда өмір сүру тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Сондықтан да, барша жастар бірлесе отырып, елімізді әлемнің дамыған 30-дығының қатарына жеткізуге бар күшімізді саламыз. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы, Партиямыздың Төрағасының бастамасымен қол жеткізген тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін сақтап және көбейте отырып, оны нығайта отырып, ХХІ ғасырда тұрақты дамуды қамтамасыз етуге барымызды салатын боламыз.
Менің Президентім! Менің Елбасым сізге мың алғыс!,-деп өзінің ойын білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.