A place where you need to follow for what happening in world cup

Орман шаруашылығы мекемелері арасында семинар-кеңес өтті

306

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қосқұдық орман шаруашылығы мекемесінде өткен семинар-кеңеске Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қошқарбаев Баймахан Қалмаханұлы, басқарма басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы және басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері қатысты.
Шара басында басқарма басшысы ағымдағы жылғы бөлінген қаражат есебінен алынған 20 техниканы мекемелерге салтанатты түрде табыс етті. Оның ішінде 5 -трактор, 15 автокөлік бар.
Одан әрі орман өртінің алдын алу бойынша өрбіген кеңесте сала мамандары бүгінгі дайындығы және алда тұрған міндеттерімен бөлісті. Қазіргі таңда орман шаруашылығы саласында басым бағыттардың бірі орманды даланының аумағын ұлғайтып, оны көз қарашығындай сақтап қалу. Ал бұл бойынша атқарылып жатқан жұмыстарда жоқ емес.
Семинарда алғаш болып сөз алған басқарма басшысы Аслан Оразбеков осы және өзге де жұмыстар тұрғысында ой бөлісті.
Орман орналастыру жұмыстарының қорытындысы бойынша, ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің иелігіндегі орман қоры жерлері 33 орманшылықтарға, 64 орман шебері техникалық учаскелерге және 305 орман айналымдарына бөлінген.
Ал ондағы қору,күзету жұмыстары әсіресе өрт қауіптілігі жоғары кезеңде күшейтілген. Бұл жөнінде басқарма басшысының орынбасары Айбар Әділбақов өзінің жасаған баяндамасында атап өтті.
— Мемлекеттік орман қорындағы қауіпті аумақтарға 61 бекетте өрт қауіпті кезеңінде кезекшіліктер құрылып жұмыс атқарылуда. Орманшылықтарда барлығы 34 өрт бақылау мұнаралары, орман қорына кіретін жолдарға 15 дана қадағалау-тексеру бекеттері орнатылған. Алайда Сарысу, Ақкөл, Мойынқұм, Ұланбел, Бурыл-байтал орман шаруашылығы мекемелерінің құмды өңірлеріне бекеттер санын қосымша арттыру қажет,- деді Айбар Күнтуұлы.
Оған себеп те жоқ емес, өйткені бұл аймақтар өрт қауіптілігі жоғары аймақтар болып есептеледі. Өткен 2019 жылдың өзінде 15 өрт оқиғасы тіркеліп, 40913 гектар аумақты шарпыған. Әйтсе де орманшылар бұдан бөлек 67 өрт оқиғасын дер кезінде алдын алып үлгерген.
2018-2019 жылдары мемлекеттік мекемелердің материалды-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюжеттен – 515 млн. теңге (2018 жылы-230 млн.теңге, 2019 жылы – 285 млн. теңге) қаржы бөлінген. Нәтижесінде орман шаруашылығы мекемелеріне 85 дана техника мен 62 дана басқа да негізгі құрал-жабдықтар алынған болатын. Қазіргі таңда мекемелердің материалдық-техникалармен қамтамасыз етілуі 65,5 пайызға жетіп отыр.
Өткен жылы біршама техникалар алынып, мекемелердің қажеттілігін өтеп отыр. Соның арқасында көптеген өрт оқиғасының алдын алу мүмкін болды. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 209 млн.теңге қаражатқа қол жеткізілді. Аталған қаражатқа 49 дана техника мен 51 дана негізгі құрал-жабдықтар алу жоспарланған. Бұның бірсыпырасы бүгін табыс етілді. Бұл әлі барлығы емес. Бұл жоспар толығымен орындалса мекемелердің техникалармен қамтамасыз етілу көлемі 75 пайызға жетеді,- деді басқарма басшысының орынбасары.
Оның айтуынша ағымдағы жылдың І жартыжылдығының соңына дейін жоспарланған техникалар толығымен мекемелерге үлестірілмек екен.
Шара барысы әрімен Қосқұдық орман шаруашылығының «Алабота» өртке қарсы бекеті жасағының оқу-жаттығу жиынымен жалғасты. Онда құрамы 16 адамнан тұратын жасақ пен 8 техника қатысты. Жасақшылардың арнайы өртке оранған аумақтағы өрт сөндіру іс-қимылдары сараланды. Шара соңында басқарма басшысы Аслан Оразбеков Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ Авиациалық Орман Күзету» мекемесінің тікұшағының бірімен орман қорын әуеден бақылап қайтты.
Еске сала кетейік 2020 жылдың сәуір айынан бастап Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ Авиациалық Орман Күзету» мекемесінің 1 ұшағы мен 1 тікұшағы арқылы облыс орман қорының 3,2 миллион гектары әуеден күзетілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.