A place where you need to follow for what happening in world cup

Меркі ауданында республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңі өтті

244

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының іріктеу кезеңі жалғасуда. Бүгін Меркі ауданында өткен айтыста 18 ақын 9 жұп құрап айтысты. Айтысты Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қасым Марат пен қазылар алқасының төрағасы Ахметжан Өзбеков ашып берді.

Аталмыш шараға айтыс өнеріне енді қадам басып келе жатқан жас таланттар көп қатысты. Нәтижесінде облыстық іріктеуге Мейіржан Жекебаев, Мұқағали Балтабай және осы айтыста жаңа есім атанған Аян Мәжиев жолдама алды.

Естеріңізге сала кетсек, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңінде қытысушылардың өнерін қазылар алқасы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілері халықаралық одағының» облысытық филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков, өңірімзге белгілі айтыс ақындары Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова және Ербол Қамбатыров тұрақты түрде бағалап отырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.