A place where you need to follow for what happening in world cup

Шу ауданының әкімі Н.Календеровтың Мемлекеттік қызметші және Полиция күндерімен құттықтаулары

380

Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Мемлекет қызметі маңыздылығы мен қажеттілігі ескеріле отырып, 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Елбасы Жарлығына сәйкес, 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілгелі лайықты аталып келеді. Осы айтулы күнді өз деңгейінде марапаттың бір өлшемі деп ұғыну жауапкершіліктің мол тұсын жүктейді. Елге пайдасын тигізу жолында қызмет атқарып жүрген сіздердің жұмыстарыңызды ұлттық сипаттағы саяси дамуға өз септігін тигізуші фактор ретінде бағалануы тиіс мамандық деп білемін. Заң аясында қалыптастырылған ережелерге сәйкес, халық тарапынан орындалуды қажет ететін бірқатар негіздемелерді түсіндіре отыра іске асырып, бағыттау да қоғам жаңашылдығының көрінісінен сипат беретінін білесіздер. Осы тараптан мемлекеттік қызметкер абыройлы міндет иесі деп бағалауымыз артық емес. Ел дамуы жолында бірқатар салалардың басын біріктіріп, әлеуметтік мәнге толы шараларды, экономикалық алға басу қадамдарын жұмыла атқаратын да әкімшілік тарапындағы қызметкерлер. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз аудан гүлденуі мақсатында атқарылған мәселелердің көрінісі, нәтижесі деп ұғынуға болады. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай келе, ұлтымыздың бірлігі мен берекесі үшін орындалып жатқан істеріңізге сәттілік, табыс тілей отыра, отбасыларыңызға амандық, ынтымақ тілеймін!

***

Құрметті полиция қызметкерлері! Қоғамда құқық қорғау тәртібін реттейтін, адамның жеке басының құқығын қорғау жолында адал да абыройлы міндетті арқалап жүрген мамандық иелері тәртіп сақшылары қызметінің қоғам өмірі үшін атқарып жүрген шаралары талапқа сай десек артық айтпаған болар едік. Өмірде орын алып жатқан түрлі оқиғалардың мән-жайын анықтап, түбегейлі зерттеп, тиісті шараларды қолданатын, ақ пен қараны ажыратушы беделді мамандық иесі сіздер деп білемін. Конституцияның дамуы бағытында адамның бостандықтары мен жеке құқықтарын басым негізге ала отырып атқарған шаруалар нәтижелі орынға ие. Еліміз өткерген қиын қыстау эпидемия кезінде біркісідей атсалысып, қызмет бабын бұлжытпай орындаған, ел тыныштығы үшін тік тұрып екі есе қызмет жасаған сіздердің еңбектеріңіз қашан да марапатқа лайықты. Халық алдында ардақталған мамандық майталмандары зор сенімді абыроймен ұштастырып, адал антты берік ұстанып келеді. Бейбіт адамдар өмірін қорғау жолында ерлік үлгісін жасай білген тәртіп сақшылары Отан мен заң алдындағы міндеттерін қайсар мінезбен ұштастыра білетін жандар. Қадірлі тәртіп сақшылары! Марқасқа азаматтар шебін құраған мамандық иелері сіздерге қызметтеріңізде абырой мен мол табыстар, отбасыларыңызға бақыт-береке, қажымас қайрат тілеймін. Қашанда ел алдындағы еңбектеріңіз жана берсін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.