Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздерді 21 маусым — медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Халықтың денсаулығы – елдің байлығы. Келешегі кемел ұлт қалыптастыру жолында ақ желеңді абзал жандарды қызығы мен шыжығы қатар жүретін мамандықтың иесі деп атасақ та артық емес. Адам жанының арашасы болып, шыдамдылықты қажет ететін кәсіпті таңдау көп еңбекті, өз ісінің маманы болуды талап ететіні белгілі. Адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген ақ жүректер иесі қашанда көмекке зәру жандарға қол ұшын созуға дайын тұрады. Ауданымыздағы денсаулық сақтау саласы, тұрғындардың заман талабына сай ем алуына жағдай жасап, қолжетімді әрі сапалы, талапқа сай медицина қалыптастырылып келе жатқандығы көңіл қуантады. Осы жолда аянбай тер төгіп жүрген өздеріңіздің игілікті жұмыс-тарыңыз халықтың көз алдында. Елімізде орын алған карантин кезінде, қауіпті вирустың алдын алу жолында күш біріктіре отырып, күн-түн демей ел денсаулығы жолында қызмет етіп келесіздер. Қоғамның басты құндылығы адам өмірі мен денсаулығы екенін осы қиын сәтте ұғынған жұртшылықтың дәрігерлер қауымына алғысы шексіз. Қажырлы еңбек нәтижесі негізінде саламатты ұлт болашағын көздеген істеріңіз әрқашан жемісті болсын. Осынау күрделі қызметтегі ерен еңбектеріңіз бен аялы алақандарыңыздың шипасы жан жылуын дарытып, айналаға қуаныш сыйлап жүрген сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, сарқыл-мас қуат, жұмыстарыңызда табыс тілеймін.