A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамдық қабылдауда қордаланған мәселелердің шешімі табылды

196

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ​ ​атты Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет деп тапсырды. Жолдаудың негізінде және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес көшпелі қоғамдық қабылдау​ ​ бүгін Айдарлы ауылында өткізіліп, барлығы 30 азаматтың талап тілектері тыңдалды. Аудан әкімі М.Мұсаев бастаған қабылдауға аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің басшысы және аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы және аудан әкімдігінің бөлімдері басшылары да қатысты. Әр азаматтың сұранысын тиісті басшы қарап 12 азаматтың өтінішіне түсінік берілсе , 13 азамат сұранысы бақылауға алынды, ал 5 азаматтың өтініші сол жерде қанағаттандырылды. Көшпелі қоғамдық қабылдаулар осы аптада әлі Биназар және Күшаман ауылдарында өтеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.