A place where you need to follow for what happening in world cup

Игіліктегі көшпелі қабылдау

209

Президенттің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты проблемаларын шешуге және заңдылық пен құқық тәртібін сақтауға бағдар бере отырып, халықпен тікелей диалогты орнату және нығайту мақсатында ұйымдастырылып жатқан қоғамдық көшпелі қабылдау Сарысу ауданының Игілік ауылдық округінде жалғасты.
Көшпелі қоғамдық қабылдау тобы Игілік ауылының тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелі сұрақтарына жауап берді.
Аудан әкімдігінің аппарат басшысы Ж.Сақыпбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Есмұрзаев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Рысдаулет, аудандық адалдық алаңының жетекшісі Ш.Бисенбайұлы және аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары қабылдауға қатысқан 30-дан астам адамның сұрақтарына жауаптар қайтарды. Сұрақтардың біреуі қанағаттандырылып, үшеуіне
түсінік берілді. Алты сұрақ бақылауға алынды.

Сарысу аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.