Шу ауданындағы кезекті көшпелі қоғамдық Бірлік ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбеков қоғамдық қабылдаудың мән-маңызына тоқталып, ауыл тұрғындарын аталған шараға белсене қатысып, өздерін толғандырған сұрағын қоюға шақырды.
Қоғамдық қабылдауда Әлихан Әбіләшұлы, ауданаралық прокоратураның аға прокуроры Г.Абуеваға, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы М.Сәулебаев, Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Н.Садыбек, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысының м.а Қ.Құтыбеков, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Бетбаев, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Б.Төлендиев, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Керімбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Жазықбаева, ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Аманғазиева, жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Ә.Мухамеджановтар Бірлік ауылының тұрғындарын қабылдады.
Қоғамдық қабылдау барысында жалпы 29 сұрақ қойылып, заң аясында тиісті жауаптарын беріп, сұрақ қоюшылар толық қанағаттанды. Оның ішінде аға прокурор Г.Абуеваға 2 сұрақ, аудан әкімінің орынбасары Ә.Балқыбековке 3 сұрақ, жер қатынастары бөліміне 7, ауыл шаруашылығына 2, кәсіпкерлік саласына 4, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 7 сұрақ, жұмыспен қамту орталығына 2, ішкі саясат бөліміне 2 сұрақ беріліп, қанағаттанарлық жауап қайырылды.
Аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдіргін бірліктік тұрғындар осындай шаралар жалғасын табуына тілек білдірді. Көшпелі қоғамдық қабылдау Жаңақоғам ауылдық округі Көктөбе ауылында жалғасын табады.