A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қант зауыты» тұрғындарын не мазалайды?

333

Бүгін Тараз қаласының «Қант зауыты» аумағында қала әкімі аппаратының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Аталған шараның мақсаты облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып, жергілікті атқарушы орган басшылары халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болатын.

Алқаптың тұрғындары жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, тұрғын үй шаруашылығы саласы бойынша сұрақтарына жауап алып, аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Сонымен қатар Тараз қаласының прокуратура, жергілікті полиция, ХҚКО-ның мамандары тұрғындармен тілдесіп, жеке мәселелерімен қабылдау өткізіп, тиісті жауабын беретінін жеткізді. Ашық аспан астында өткен шара көптің көңілінен шығып, осындай қабылдаулар көптеп ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Аталмыш шара алдағы уақытта «Ауыл береке», Жамбыл даңғылындағы коммуналдық базарында жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.