A place where you need to follow for what happening in world cup

Н. Ергебеков Күреңбел ауылдық округіне барды

298

Жуалы аудан әкімі Нарбай Ергебеков жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритмі аясында жұмыс сапарымен Күреңбел ауылдық округіне барды. Алдымен аудан басшысы №10 Күреңбел орта мектебінің жұмысымен танысты.
Күреңбел орта мектебі 1985 жылы типтік үлгіде салынған. 624 орындық үш қабатты мектеп ғимаратында 320 оқушы білім алуда. Оларға 49 жоғары білімді педагог білім беруде. Бір айта кетерлігі, биылғы оқу жылы аяқталысымен мектептің шатыры заманауи үлгідегі материалдарға ауыстырылуда екен. Мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлдария Сейітқұлованың айтуынша, біраз уақыттан бері спортзалдың қабырғасы мектептің негізгі қабырғасынан ажырай бастаған. Едені де ауыстыруды қажет етіп отырған көрінеді. Аудан әкімі Нарбай Ергебеков білім ошағының шатырын ауыстырып жатқан жауапты мердігер мекеменің басшыларын шақырып алып, жұмысты сапалы атқаруды, құрылысқа отандық сапалы материалдарды қолдануды, тиісті құрылыс нормаларын сақтауды қатаң тапсырды. Сонымен бірге, аудан басшысы мектеп ауласында қарияларымен де жүздесіп, ауылдың қазіргі хал-ахуалын сұрап білді. Тиісінше, бірқатар мәселелерді ауыл шаруашылығы саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Жетпіс Көпбаев, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбек Қуанышев аудан басшысының назарына ұсынды. Атап айтар болсақ, біраз жылдан бері ауылда ауыз су мәселесі өзекті мәселелердің қатарында қалып отыр екен. Аудан басшылығы тарапынан Күреңбел ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге бірнеше мәрте жобалық-сметалық құжаттар жасалғанымен, әзірше бұл мәселені түбегейлі шешудің реті келмей отыр. Бұл туралы аудан әкімі Н.Ергебеков айтты. -Биылғы жылы ауданда 10 ауылға ауыз су құбыры тартылып жатыр. Бұл бағытта жұмыстар баршылық. Алайда Күреңбел ауылы тұрғындарының таза ауыз суды біраз уақыт күте тұруына тура келеді. Айтайын дегенім, биыл құбыр тартылып жатқан ауылдарда бұрын ауыз су жүйесі мүлдем болмаған. Бұл жағдайды да ескеріңіздер. Сіздердің ауылдың ауыз су жүйесін жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге мұндағы жерасты су қорының аз болуы кедергі болып отыр. Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері кезеңкезеңімен шешімін табуда. Бұл да өз кезегімен шешілетін болады,- деді Нарбай Әбілқасымұлы. Келесі кезекте аудан басшысының назарына Күреңбел ауылының Қарабастау көшесінің басына көпір салу мәселесі ұсынылды. Бұл жөнінде көше тұрғындарымен кездесу барысында ауыл тұрғыны Серік Серғазиев айтты. –Мен осы ауылдың байырғы тұрғындарының бірімін. Біздің сізге айтайын деген мәселеміз, көктемгі, күзгі, кейде қыстың мезгілінде де ауыл жанындағы қыраттардан ағып келетін қарғын сулар біздің көшемізге, тұрғын үйлерге қауіп төндіріп отыр. Біз бұл жағдаймен бірнеше мәрте бетпе-бет келдік. Өткен жылы ауыл шетіндегі ең бірінші тұрған үйдің ауласына көп су ағып келді. Бұл тұрғындарға қауіптілік тудыруда. Осыны ескерсеңіздер екен. Тағы бір айтатынымыз, ауылда жайылым мәселесі өзекті болып отыр. Естуімізше, біздің ауылға тиесілі мал жайылымының біраз бөлігін белгісіз біреулер заңсыз иемденіп отырған көрінеді. Жер иесі жайылымдағы малдарды ол аумаққа кіргізбейді. Бұл жағдай малмен күн көріп отырған шаруаларға өте ауыр тиіп отыр,- деді ол. Ауыл тұрғындарының осы және басқа да сұрақтарына аудан әкімі Н.Ергебеков жан-жақты зерделей отырып жауап берді. Кейбірін әлі де терең зерделеу қажеттігін тұрғындардың есіне салды. Аудан басшысы келесі кезекте дәрігерлік амбулаторияның, ауылдық мәдениет үйі мен Күреңбел балабақшасының жұмысымен танысып, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.