A place where you need to follow for what happening in world cup

Алғашқы медициналық жәрдем көрсету жолдары үйретілді

210

Алғашқы көмек – адамның өмірін құтқаруға бағытталған жедел шаралар кешені. Жазатайым жағдай, сырқаттың кенеттен қысуы, улану – осы және басқа төтенше жағдайларда білімді алғашқы көмек қажет. Бұл ретте, арнайы мекеме қызметкерлеріне жедел көмек шараларын жете меңгеру аса маңызды.

Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлеріне алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді үйретуге бағытталған арнайы сабақ өткізілді. Шарада мекеменің медициналық және санитарлық бөлімінің қызметкерлері алғашқы көмектің негізгі шараларынан хабар берді. Апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару, апатың зиянды әсерін тоқтату, қан тоқтату, жараны байлау, сынған мүшенің қозғалысын тежеу және жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау секілді негізгі амалдар үйретілді. Сонымен қатар, жабық және ашық жарақат алғанда, улану кезінде, суға тұншығу немесе өзге де шок тудыратын жағдайлардағы алғашқы әрекеттер ретін практика жүзінде көрсетті.

Г. Медетбекова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесі медицина бөлімінің бастығы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.