A place where you need to follow for what happening in world cup

Аула тазалығы әрқайсысымыздың жауапкершілігімізде

379

Бүгінде Шу қаласындағы қоқыс мәселесі күрделі шаруаға айналып отыр. Жақында редакциямызға хабарласып, Қонаев атындағы көше тұрғындары көпқабатты үйлер маңы үйіліп жатқан, қадағаланбайтын «қоқыс полигонынан» айтарлықтай зардап шегіп жатқандарын жеткізді. Тұрғындардың айтуынша,  жақында жерде орналасқан базардан көлікпен алып келініп, аяқ киімдерден қалған бос қораптар, көкөніс қалдықтары, тіпті, өлі жануарлар денелері тасталынады. Бұл мәселенің туындағанына бірнеше айдың жүзі болыпты. Қоқыс тура көппәтерлі үйлердің жанында орналасқандықтан, тұрғындар балалар үшін қорқатынын айтады. Себебі, жағымсыз иістен басқа, қоқысты өртегенде, тұтанғыш заттар атылатынын айтады.

Тұрғындар қоқыс мәселелерімен айналысатын «Шу Сервис» орталығына көмекке жүгінгенімен, ешқандай шара қолданылмағанын айтып, шағым жасауда.

Тұрғындар шағымын жеткізіп, Шу қалалық әкімдікке хабарластық. Айтылып отырған Қонаев көшесінің аумағына тазалықпен айналысатын бес адам жұмылдырылғанын түсіндірді.

-Жұмыскерлер таңғы бесте және кешкі бесте екі мезгіл міндеттерін атқарады, осыған қарамастан, көшенің ластанып жатқаны тұрғындардың өз кінәсі дейді. Тұрғындар өз ортасын ластап қалдықтарды жан-жаққа тастауды əдетке айналдырған. Қоқыс жəшігіне барып тастап жатқан адам кемде-кем. Тез шіріп кетпейтін пластмассалар иісімен қоса адамға алып келер зардабы өте көп. Осындай жағымсыз иіспен, қоқыстар ауаны ластап денсаулықтың күрт өзгеруіне яғни, аурудың пайда болуына əкеліп соғады,-дейді әкімшілік мамандары.

Айта кететін болсақ, əлемді жайлаған СOVID-19 коронавирусты инфекцияны жұқтырмау тек тазалықты сақтануды талап етеді. Өз өзімізді сақтап, ортамызды таза ұстау қазіргі таңда əр адамзаттың міндеті.

Қорыта айтқанда, тазалық — денсаулық кепілі. Кез келген адам денсаулығының  мықты болуын қаласа, қоршаған ортаның таза болуын талап етеді. Тазалық сақтау, өмірімізге де, отбасымызға да зиянын тигізбейтін ең жеңіл жолы деп айтуға болады.

Ақерке Жолахан,

Халықаралық бизнес университетінің 1 курс студенті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.