A place where you need to follow for what happening in world cup

«Ғибратты керуен» Жамбыл ауданына табан тіреді

230

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығы мен облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен жобасы «Ғибратты керуен» бүгін Жамбыл ауданына табан тіреді.
Аталмыш шара аудан орталығы Аса мен Гродеково ауылында өтті. Зиялы қауым өкілдері екі жақта да келелі басқосу жасап, мәдениет саласының майталмандары мастер класс өткізді. Атап айтқанда, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театырының актері Абзал Дәулетбақов Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының бейнесінде поэзия оқыса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер М.Рахманқұлов «Аса сазы» халықтық ән-би ансамбліне шеберлік сағатын өткізді. Сондай-ақ, көпшілікке Ұлы Абайдың әжесі Зере ананың бейнесі арқылы жақсы таныс Нұрсипат Салықова саябақтағы бүлдіршіндерге халық ауыз әдебиетін еске салып, ертегі айтып берді.
Аудандық кітапхананың коворкинг залында жазушы, драматург Е.Әлімжан, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ж.Жұбатханов, жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Б.Құтжан және Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері тәрбие мен білім һәм дін тұрғысында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, басқосудың соңында көрермен назарына әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Бағдарлама облыстық филармония әртістерінің ән шашуымен аяқталды. Шараны «Руханият және тарихтану» орталығының директоры Сауран Қалиев жүргізді.
Гродеково ауылдық мәдениетүйінде де жоғарыда аталған әр түрлі тақырып аясында спикерлер баяндама жасады. Олардың арасында Билер кеңесінің төрағасы О.Есіркепов, Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Жұмабек және өзге де зиялы қауым өкілдері мен имамдар бар. Бұл жердегі келелі кеңесте «Руханият және тарихтану» орталығы директорының орынбасары, ақын Ахметжан Өзбеков модератор болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.