A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмның ауылдарына ауызсу тартылуда

317

Мойынқұм ауданының тұрғындарын көп мазалайтын мәселелердің бірі – жол мен ауыз су мәселесі екені жасырын емес. Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы аудан елді мекндеріндегі 21 ауылішілік жолдарды орташа жөндеу үшін 454,5 млн. теңге, сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 9 ауылішілік жолдарды жөндеуге 206,2 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудан бойынша жалпы 24 ауылдық елді мекеннің 17 елді мекені немесе 70,8% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

2019 жылы жалпы  258,5 млн. теңгеге ауыз су құбыры құрылыстарының жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жобалық құңы 426,3 млн теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауыз су ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» нысанына 111,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылға осы жобаны аяқтауға 302,0 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр.

2019 жылы жобалық құны 996,4 млн. теңгені құрайтын «Балқаш көлінен Бұрылбайтал стансасына дейін су құбыры және су қабылдау имараттары құрылысын салу» және жобалық құны 583,6 млн. теңгені құрайтын «Бұрылбайтал-Мирный-Қияқты топ су құбыры құрылысын салу» жұмыстары толық аяқталды.

2020 жылға жобалық құны 780,0 млн. теңге болатын «Қарабөгет-Сарыөзек ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» жобасын қаржыландыруға өтінім берілді.

Қазіргі таңда халықтың сұранысы  ауыл- аймаққа газ құбырын жүргізу.

2018 жылы Мойынқұм ауданындағы 9 елді мекеніне (Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай) газ келтіру құбырын салуға ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен 102,4 млн. теңге қаржы бөлініп, кейінгі нақтылауда қаржы қайтарылып алынды. Бұл бойынша облыс әкімі Б.Сапарабаевқа хат жазылып, облыс басшысы тарапынан мәселе қолдау тауып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.