A place where you need to follow for what happening in world cup

Санитарлық талаптардың сақталуы – бақылауда

165

Әлемді дүрліктіріп, елімізді алаңдатып отырған пандемиямен күрес мәселесі өзектілігі жағынан бүгінгі күннің басты мәселесі десем артық айтпағандық болар. Өйткені бұл індет әлемнің алпауыт елдерінің өзінің экономикасын ақсатып, әлемде  экономикалық дағдарысты туындатып отыр. Осындай сын сағатта Ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетімізді дағдарысқа ұрындырмай, керісінше экономикалық өсімге қол жеткізу үшін Үкіметке кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Осы кешенді шаралардың ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы Мойынқұм ауданында қарқынды жүргізіліп, ел игілігін көруде.

Індеттің алдын алу бойынша ауданда Төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, жоспарлы жұмыс жүргізілді. Құрылған топ мүшелері тарапынан ақпараттық-насихат, бағаның шекті деңгейінің сақталуына, санитарлық талаптардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Заласыздандыру шараларымен барлық елді мекендер мен қоғамдық орындар қамтылды.   Карантин мерзімі кезінде  тиісті талаптарды орындамаған 48 тұлғаға айыппұл (1333,0 мың теңге) салынып, 30 тұлғаға ескерту берілді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ауданда індет жұқтырған адам болған жоқ. Тек Мыңарал цемент зауытында жұмыс істейтін Қызылорда облысының 1 тұрғынынан вирус анықталып, дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде ауру ошағы толығымен жойылды.

Бүгінгі күнге ауданда 118 әлеуметтік-кәсіпкерлік нысандар қайта ашылып, қызмет көрсетуде. Санитарлық талаптардың сақталуы, азық-түлік бағасының негізсіз көтерілмеуі және тұрақтылығы ауданда құрылған мобильдік топ арқылы күнделікті бақыланып отыр. Баға мәселесі бойынша            8 маусым күні аудан прокуроры, кірістер басқармасы басшысының қатысуымен аудан орталығындағы кәсіпкерлермен кездесу өткіздім.  Басқосу қортындысымен бағаны төмендету бойынша келісімдер жасалып, нақты азық-түлік түрлерін субсидия арқылы арзандату жолдары қарастырылуда. Жалпы айтқанда, бүгінгі күнге ешқандай азық-түлік түріне ауданда тапшылық орын алып отырған жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.