A place where you need to follow for what happening in world cup

Таластық ақындар тыңдарманды тапқырлығымен тәнті етті

225

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының бүгінгі аудандық іріктеу кезеңі Талас ауданында жалғасты. Айтысты аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ашып беріп, жарысқа қатысушы жыр жүйріктеріне сәттілік тіледі. Талай ақын шыққан Талас ауданының жыр сүйер қауымы қатысушыдардың әр өнерін қошеметпен тамашалады.
Аудандық бәсекеде 13 ақын 7 жұп құрап айтысты. Қазылар алқасының шешімімен 4 ақын облыстық айтысқа жолдама алды. Оның 2 еуі жаңа есім, олар Ермұрат Баймырза мен Еркін Оразбек. Және Есет Досалы мен Нұржан Манатбек келесі кезеңге өтті.
Естеріңізге сала кетсек, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңінде қытысушылардың өнерін қазылар алқасы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілері халықаралық одағының» облысытық филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков, өңірімзге белгілі айтыс ақындары Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова және Ербол Қамбатыров тұрақты түрде бағалап отырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.