A place where you need to follow for what happening in world cup

Желбіре, көк байрақ!

288

Ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы тозатын қойнауы құтқа толы еліміз ежелден еркіндікпен өмір сүріп, еңселі ел болуды көздеген бабаларымыз «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген аталы сөзді айтқан еді. Ал, сол егемендігімізді айшықтайтын ұлттық құндылықтарымыздың бір төбесі-мемлекеттік рәміздер. Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыздың қай-қайсын алсақ та асқан қырағылықтың, көрегендіктің, талғампаздықтың, кемелдіктің нәтижесі екендігі тайға таңба басқандай айқын.
Жыл сайын рәміздер күніне орай елдіктің нышаны саналатын төлқұжаттарымызды дәріптеу шаралары түрлі деңгейде өтіп жатады. Биыл ауданымызда жылдағыдан өзгерек болды. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің туым» атты акциясы аудан орталығынан бастау алды. Алдымен аудандық мәдениет үйінің алдына көк туымыз ілініп, әнұранымыз шырқалды. Бір-бір сәйгүліктің жалын тартып мінген жігіттер көк байрағымызды желбіретіп орталық көшеден жүріп өтті.
Игі шара Шу қаласында жалғасын тауып, теміржол вокзалының жетінші қабатына көк туымызды желбіретіп, әскери қызметшілер әнұранды орындады. Бұдан бөлек Шу қаласының тұрғындары да айтулы шарадан қалыс қалмай, өздері тұрып жатқан көпқабатты үйлердің әр қабатына туымызды ілді.

Айғаным АСҚАРБЕК.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.