Мемлекетіміздің бойында рух-жігері бар әрбір азаматы, Отанымыздың саналы патриоты мемлекеттік мерекемізді қастерлеп, атап өтуге тырысады. Аудан тұрғындары да осы шарадан қалыс қалмай, 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай, Төле би ауылы орталығында орналасқан көпқабатты үйлердің балконына және Төле би көшесіндегі дүкендер мен сауда нысандарына көк туымызды орналастырды.