A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда Рәміздер күніне орай автошеру өтті

231

Егемендігімізді асқақтайтын, тәуелсіздігімізді күллі әлемге жар етуші мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық санасын білдіретін ерекше құнды белгі болып табылады. Ал, оны құрметтеп, қастерлеу әр қазақстандықтың борышы.
Осыдан 28 жыл бұрын тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қоюымен 4 маусым күні «Рәміздер күні» ретінде аталып келеді. Жылдағы дәстүрге сай, биыл да Қордай ауданында аталмыш мереке жоғары деңгейде аталып өтті. Әр елді мекенде түрлі іс-шаралар өтіп, аудан тұрғындары еліміздің нағыз Отан сүйер патриоттары екенін дәлелдей білді.
Осыған орай Қордай ауылында Рәміздер күнін халық арасында насихаттау мақсатында автошеру ұйымдастырылды. Бірнеше автокөлікке мемлекеттік Ту ілініп, шеруге қатысушылар ауыл көшелерімен жүріп, тұрғындарға керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады. Автокараван алдыменен Төле би көшесімен, кейін Жібек жолы көшесімен жүріп, бірнеше мәрте көпқабатты үйлердің маңына тоқтады. Өз кезегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары балкондарына Ту іліп, шеруге қатысушыларға қолдау білдірді. Ал, шерудің мәресі аудандық Мәдениет үй алдында аяқталды. Аудан өнерпаздары және «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері флешмоб ұйымдастырып, «Көк Тудың желбірегені» атты әнді шырқады. Іс-шара соңында баршасы қолдарын көкірегіне қойып, мемлекеттік Әнұранды айтты. Шеруге қатысушылар бірауыздан Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті. Ал, іс-шараның арқасында ауданның тұрғындары бұл күн ерекше екенін сезініп, мереке сыйлаған жандарға ризашылықтарын білдіріп жатты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.