A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданының әкімі Қ.Мәдібектің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

349

Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — халқымыздың рухын, ұлттық санасын, болашаққа деген үмітін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.
1992 жылдың 4 маусым күні — ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Мемлекеттік рәміздер ретінде Ту мен Елтаңба — егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран — осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Бүкіл халықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады.
«Туы биік елдің — тұғыры биік» деген дана халқымыз.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің туын әр жетістігімен биікке кө¬терді. Ендігі мақсат көкбайрағымызды мәңгі желбірету.
Бүгінде, жастарымызға патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында ауданда да әртүрлі мәдени-көпшілік, рухани-патриоттық және онлайн форматтағы әр түрлі шаралар да жүргізілуде.
Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі.

Құрметті ағайын!
Баршаңызды, «4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен» шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз — болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.