A place where you need to follow for what happening in world cup

Балаларымен онлайн-бейнебайланысқа шықты

156

Елімізде орын алған короновирус індетінің орын алмауының алдын алу мақсатында және ЖД-158/2 мекемесінің карантин кезіндегі ішкі режимдік талаптарына сәйкес сотталғандар туған-туыстарымен онлайн-бейнебайланыс арқылы хабарласу іске асырылған. 1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде бейне байланыс орнатылып, арқылы сотталған азаматтар балаларын мерекесімен құттықтап, сағыныштарын басты.

Айта кетейік, бейнебайланыс арқылы хабарласу үшін аталған мекемеде барлық жағдайлар қарастырылған және сотталғандар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Карантин мерзімінде ЖД-158/2 мекемесінде күнделікті күн тәртібіне сәйкес бейнебайланыс өткізіледі.

Ал балғындар мерекесінде ұйымдастырылған бейнебайланыстың жөні тіпті бөлек. Себебі, бұл күні ұл-қызын сағынған әкелер мауқын басып, балақайларының жарқын жүздерін көруге мүмкіндік алды. Ендеше, әлемдегі барлық балалардың балғын балалық шағы бейбіт өмірде өтіп, олардың ата-анасы қасында болуын тілейміз!

Гүлжан ИБРАИМОВА,
ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы,
әділет аға лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.