Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтын 31-мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Үндеуі жарияланған болатын.
Президент талай жанның жүрегіне нала салған тарихи оқиғаның жазықсыз жапа шеккен құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылғаны жайлы баяндады. Біз өз тарапымыздан Ел Президенті Үндеуін қолдай отырып, өшпес із қалдырған есімдерді ұлықтап, асқақтату қасиетті борышымыз деп білемін. Осы орайда жерлестерімізді атаулы күнде кұран бағыштап, есімдерін мәңгілікке жаңғыртуымыз керек деп ойлаймын.
М.Жақыпбек,
ерікті