A place where you need to follow for what happening in world cup

«Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы»

245

Рухани және тәрбиелік мазмұндағы құдылықтарды үлгі ету
мақсатында Жуалы ауданық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы ауылы асыл әжелерінің қатысуымен «Киіз басу өнері –көшпенділер мұрасы» атты шеберлік сабағы өткізілді.

Киіз өнеріне жан бітірген әжелеріміздің басты мақсаты халқымыздың ұмытылып бара жатқан қолөнерін жаңартып жаңғырту, ата бабаларымыздан қалған асыл мұраны кейінгі ұрпаққа аманат ету.
Табиғи жүннің денсаулыққа пайдалы, жылулығы мол, ыстықтан, суықтан қорғайтын талшықтың қадірін білу.
Ұлттық өнеріміздің басқа елдің меншігінде қалмас үшін жиы жастарға насихат етіп айтып үйретіп отыру біздің негізгі парызымыз деп білген Мамекова Қоныскүл, Ысқақова Базаркүл әжелеріміз сырмақ пен текеметтердің, алаша мен түскиіздердің қолданылуын, қадір –қасиетін, әр ою-өрнектің тарихын, қазақ салт-дәстүрдегі орын түсіндіруден шаршамады. Іс-шараны жүргізіп тұрған ақын Нұржан Әліш өзінің қаламынан шыққан
Өлмес мәңгі бабалардың нұрлы ісі,
Текеметте әжелердің тұр күші.
Киіз басу қолтаңбасы ананың,
Салт-дәстүрі қазағымның үрдісі.
өлең жолдарымен шараның ажарын ашты.
Шара соңында әжелер ұйымдастырушыларға ақ баталарын беріп
қазақ қол өнері мен дәстүр салтына берік болуларын осындай іс-шаралардың жиы ұймдастырылуына тілек білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.