A place where you need to follow for what happening in world cup

Білімнің бір биігі — үштілділік

328

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. Әлемдегі жоғары дамыған елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз — өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Біз инновациялық әлемде өмір сүріп жатқандықтан, біздің еліміз прогрессивті елдермен қатар болуы керек. Сондықтан осы мақсатқа жету үшін біз кем дегенде үш тілді білуіміз қажет. Шынында да, кез келген қазақстандық үшін үштілділік үлкен әлемге жол ашады.
Атап айтқанда, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқуға басты назар аудару қажет. Жақында біздің өмірімізге орасан зор прогресс әкелетін жаңа технологиялар пайда болды. Ағылшын тілін білу ғылым мен цифрлық технологиялар тұрғысынан адамдарға үлкен мүмкіндіктер ашады. Айналаңызға қарасаңыз, ағылшын тілі біздің күнделікті өміріміздің бөлігі екенін байқайсыз. Кез-келген жерде қандайда бір жазу ағылшын тілінде жазылғанын көре аламыз. Ағылшын тілі ресми түрде халықаралық тіл. Ағылшын тілі сияқты орыс тілі де әлемдегі ең күрделі тілдердің бірі болып саналады. Қазір көптеген адамдар шет тілдерін үйренуге тырысады, әрине бұл оңай жұмыс емес, сондықтан адамдар бір тілмен шектелмей басқа да тілдерді де үйренуге талпынуда. Қорыта келе, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген халқымыздың даналық сөздерімен толық келісемін. Себебі, әр тілдің өзінің жақсы қасиеттері бар, бірақ біз үшін ең жақын, әрине — қазақ тілі.Үштілділік біздің өмірімізде маңызды орын алды. Сондықтан үш тілде білім беруді енгізу болашақта қазақ халқын әлемдік аренада бәсекеге қабілетті етеді деп сенеміз. Себебі, үштілділік — жетістікке апаратын жол.

Л.ҚЫЗДАРБЕКОВА,
“Тілдерді оқыту орталығы” Шу аудандық бөлімшесінің штаттан тыс мұғалімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.