A place where you need to follow for what happening in world cup

Тірлікке тілек білдіргендер көп

414

«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы»  негізінде өткен жылы аудан бойынша Үшарал пилотттық округ болып белгіленген болатын. Жоба аясында жеке қосалқы шаруашылықтармен қатар, ұсақ шаруашылықтарды кеңейту мақсатында  төмен пайызбен несие беру қарастырылған.

Осы мақсатта тұрғындардың тұрмыс­тық табысын жақсарту жобасында көр­сетілген бес бағыт бойынша ауылдық округке 655,247 млн. теңге бөлінді.

Жалпы, қанатқақты жобаны іске асыру үшін  «Талас-2020» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Кооператив           негізі­нен жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету, қолдағы малға жем-шөп дайын­дау және өндірілген өнімдерді ұқсату бағытында жұмыс жасайды.

Кооператив үй іргесіндегі 55,15 гектар жерді игеру үшін ауыл тұрғындарын тұқым, тыңайтқыш және өзге де дәрілегіштермен қамтамасыз етуде.

Биылғы жылы іске ниет білдірген азаматтар 1 гектар аумаққа қызанақ, 1 гектарға қияр, 8,34 гектарға картоп және 44,8 гектарға жерге бақша дақылдарын отырғызуды бастады. Бұдан бөлек біріккен шаруашылық Меркі ауданы тәлім бағынан 1000 түп жеміс ағашын жеткізіп берді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша өзге де қызмет түрлерін көрсетіп жатыр.

Жобаның өсімдік шаруашылығы үшін үйдің жанындағы жер телімдерін тиімді пайдалану бағыты бойынша Е.Сыздықбеков 0,10 га жерге жылыжай салуға 8,2 млн. теңге алып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып әкелді. Құрылыс жұмыстарына кіріскен ол қазан айында жылыжайды іске қосуды жоспарлап отыр. Жалпы, жобаның осы бағыты бойынша 300 аула үй іргесіндегі жерлерін игеруге ниет білдіруде. Осы мақсатта 100 аулаға арнайы мамандармен қаржысына келісіп, құдық қазу жұмыстары басталып кетті.

Ал, жобаның 2-бағыты, яғни, үй жанындағы аулаларды мал шаруашылығы үшін тиімді пайдалану мақсатында 190 тұрғыннан өтініш келіп түскен. Нәтижесінде олар 478,376 млн. теңге несие алып, 409 сауын сиыр, 637 бас жылқы және 834 уақ мал сатып алды. Түлікті табысқа айналдыруды көздеген тұрғындар алдағы уақытта сүт, қымыз, ет өндіруді қолға алмақшы. Берілген мүмкіндіктерді жіберіп алмауға тырысқан отбасылар кепілдіктеріне сәйкес 10 бас сауын сиыр немесе 15 бас бұқашық, 10 жылқы болмаса 50 бас қойға дейін алып, кәсіппен шұғылдануға әрекеттеніп жатыр.

Ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану.  Жобаның үшінші бағытына бойынша да тәуекел етіп, іске білек түрушілер де жоқ емес. Бүгінге дейін шаруашылық дақылдарына қажетті тыңайтқыштар алынып, 450 га жаздық арпа, 30 га жоңыршқа егілді. Кейбір егіс түрлерін округ аумағында суғаруға мүмкін болмағандықтан, Ақкөл ауылы мен Қаратау жоталарына себілді.

Жобаның төртінші бағыты бойынша  кооперативтің жұмысын жүргізуге 18 дана ауыл шаруашылығы техникасы үшін 144,66 млн. теңге берілді. Қазіргі таңда 15 дана қажетті техника әкелінді. Көктемгі егіс-дала жұмыстары осы техникалардың көмегімен атқарылды.

Жобаның бесінші бағыты бойынша ауыл тұрғыны Шалқар Абдулла 4,0 млн. теңге несие алып, наубайхана ашты. Көпшіліктің сұранысына қарай күніне 200 бөлке нан пісіріп, саудалауда.

Байқағанымыздай қанатқақты жоба талай тұрғынның іс бастап, табысын айыруына сеп болды. Жоспардағы кәсібін жүзеге асыра бастаған ауылдықтардың мемлекет қолдауына ризашылықтары шексіз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.