A place where you need to follow for what happening in world cup

Жағымды істердің жаршысы

263

Биылғы Рамазан айы сынақтарға толы болғанымен адамдардың пейілі мен ниетіне сызат түсіре алған жоқ.

«Малымды алсаң ал,  Құдай, пейілімді алма», деген кағиданы  берік ұстанған қазақтың баласы ораза айында да өздерінің ауызбірліктерін айқын аңғарты.

Көп жылдан бері қайырымдылықтың қалың үлгісін көрсетіп келе жатқан Мұрат қажы Мәдібеков жыл  сайын мешітке көмек қолын созғаннан жалыққан емес. Ауылымыздағы мешітімізбен қоса, Қаратау қаласындағы орталық мешітке де түйе малын сойып, қажет еткен отбасыларға таратып беруді дәстүрге енгізген. Мешітіміздің жөндеу жұмыстарынан да шет қалған емес.

Биылғы жылы ата-бабаларымыз жатқан қорымды қоршау жұмыстарына мұрындық болып, 600 мың теңге көлеміндегі қаржыға қажетті материалдарды алдырды. Мұндай игілікті жұмыстан былайғы жұртшылық та шет қалмай, бір кісідей жұмылды. Соның арқасында сауабы мол осынау жұмыс толғымен аяқталды.

Мұрат қажы секілді қайырымдылықтың  ауылына  қонсы қонған жандар ауылымызда жетерлік. Пайғамбарымыз Мұхамед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінін хадис шарифінде: «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар»,- деп үмбетіне ізгілік жолын нұсқаған.

Ауылымызда қайырымдылық шарасын көрсету Рамазан айынан бұрын Шағбан айында басталды. Ауыл азаматтары бір кісідей жұмылып, 655500 теңге қаражатқа күнделікті қажетті азық-түлік тауарларын алып, тұрмысы төмен 43 отбасына таратып берді.

Сонымен бірге, «Мирас» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Бегімбаев осындай әлсіз топтағы азаматтарға жыл сайын қаржылай көмек көрсетеді. Ал, «Есей» шаруа қожалығы (төрағасы  Әлімхан Әлжанов) 4 қозылы қой, «Нұр» шаруа қожалығы (төрағасы Ақтөре Баптаев) 7 бас уақ мал, «Есейхан» шаруа қожалығының төрағасы Дархан Байкенжеев те уақ малдарын зекет есебіне жерлестеріне таратып берді.

Ауыл бойынша мұндай жағымды істердің жаршысына айналған мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Қайырымдылық жасаған адамның қайырын өзі көретінін қызыләуіттік тұрғындар жақсы түсінеді.

 

Әбдіқали Әбдірәсілұлы,

«Жаңабай сопы» мешітінің имамы.

Нұрлан Шоқалақ,

«Жаңабай сопы» мешітінің алқа мүшесі.

Қызыләуіт ауылы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.