A place where you need to follow for what happening in world cup

Басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттер ардагерлерінің мәртебесін анықтау

360

2020 жылғы 6 мамырын- да ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен басқа мемлекеттер аумағындағы жауынгерлік әрекеттердің ардагерлеріне таратылатын «Арда- герлер туралы» № 322-VІ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Көрсетілген Заңның 5 ба- бына сәйкес мыналар басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері болып танылады: 1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiм- дерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда); 2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер; 3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген авто- мобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; 4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; 5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету- ге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер; 6) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемле- кеттер Достастығының ше- карасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарт- тар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері; 8) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеу- ге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде, басқа мемлекеттер аумағында жауынгерлік әрекеттер ардагерлерінің мәртебесін анықтау мақсатында, сол категорияларға қатысы бар аза- маттарды Шу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 3-00-00 телефонына хабарласуыңызды не- месе Төле би ауылы, Егемберді көшесі, 2 үй мекенжайына келуіңізді сұраймыз.

Нұрлан БӨДЕН, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.