A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық ақындар республикалық айтыстың облыстық кезеңіне жолдама алды

224

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңі басталды. Облыстық кезеңге жолдаманы сарапқа салу мақсатында Жамбыл ауданының айтыскерлері өзара мықтыны анықтады.
Айтысты аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев пен айтыскер ақын Ербол Қамбатыров ашып беріп, жарысқа қатысқалы отырған жыр жүйріктеріне сәттілік тіледі. Дүбірлі додаға іріктеу мақсатында ұйымдастырылып жатқан айтыс қызықты әрі тартысты бәсекеге толы болды.
Шараға қазылық ететін қазылар алқасының төрағасы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілері халықаралық одағы» облысытық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков және алдын ала бекітілген ережеге сай айтыс ақындарының тәлімгерлері әрі қазылар алқасының мүшелері Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова және Ербол Қамбатыров болды.
Жалпы айтысқа 10 ақын қатысты. Оның үшеуі көрермен қауымға әлі таныла қоймаған, бұрын сахнаға шықпаған ақындар. Тұңғыш рет айтысқа қатысып отырған үштіктің ішіндегі Мұхтар Қонарбаев есімді 11 сынып оқушысы облыстық айтысқа жолдама алды. Сонымен қатар, Нұрлыбек Құрманов, Шапағат Сәбитқызы, Талап Құдайберген, Бақнұр Нұрман да облыстық айтысқа жолдама алып, барлығы 5 ақын келесі кезеңге өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.